Жарияланды: 12.08.2018

Қантқа қажетті әк тастары Түлкібаста шығарылады

Түлкібаста қант заттарына қажетті әк тастарын шығаратын өндіріс орны Кеңестер Одағы тұсынан жұмыс істейді. Яғни, мұндағы әк тастары арқылы кәдімгі қызылшадан жасалған қантты ақ түске айналдыруға болады. Зауыттың тарихына үңілетін болсақ, кен орны 1937 жылдан бастап ашылған. Сонау Кеңес Одағы тұсында Тамақ өндірісі министрлігіне қарасты Қант өндірісінің тапсырмасын орындау барысында бүкілодақтың Құрылыс-техникасы зерттеу тресі тарапынан Түлкібаста зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кен орындары арнайы қазылды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде қант заттарын  өндіруге қажетті әк тастарының жеткілікті көлемде екендігі есептеліп оны бекіту қарастырылады. Қазақ Қант басқармасының тапсырмасымен 1968-1969 жылдары Алматы тау-кен  бұл мәселелерге  барлау жұмыстарын  жүргізді. 1969 жылдан бері тұрақты түрде пайдаланылып келеді. Бірнеше рет таратылып, қайта құрылып, ақыр аяғында бұл күндері  «Үміт-СД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – әк тастарын  өңдеуші өндіріс орны болып аталады. Өндіріс орнының негізі атқаратын жұмысы қантқа арналған әк тастарын өндіру болып саналады. Кәсіпорынның шағарған заттары тек Қазастанда емес, сонымен қатар ТМД елдеріне де  белгілі.

 

1 049 қаралым