Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты Ақбура дәрігерлік амбулаториясының мамандары «Денсаулық күні» атты ұлттық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.
Амбулатория қызметкерлері ауылдағы мектептерге арнайы барып, оқушылардың саулығын жақсарту үшін іс шаралар өткізді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Денсаулық күні» атты ұлттық бағдарламасының мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру. Осы арқылы халық денсаулығын сақтау. Яғни халыққа саламатты өмір салты негіздерін үйретуді одан әрі жалғастыру. Елімізде басталған «Денсаулық күні» ұлттық бағдарламасына Сарыағаш ауданы орталық ауруханасына қарасты ДЕ «Ақбура» өңіріне қарасты ауылдарда шалғайдағы ауылдарда бағдарлама барысында ЖТД, ЖТМ, сСоциолог, Психолог, Акушер-Гинеколог және Акушерка қызметі мен саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары бар топ құрылып, іске кірісті.
Олар арнайы дәрігерлік тексерістер, консултьтациялық кеңестер өткізеді. Қажеттілік туған жағдайда тексерілуге келген тұрғындарды денсаулығындағы кінәратының анықталуына байланысты өңірдегі емдеу мен оңалту орталықтарына жібереді.
Мысалы, Ақбура дәрігерлік емханасына карасты 7-мектеп кіреді.
07.09.2023-№77 ЖОББМ-де «Мен өмірді сүйемін», «Мен және менің жарқын болашағым», «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны», «Стресті калай жеңуге болады» тақырыптары бойынша өткізілді. (косымша хаттама, фотолары бар).
08.09.2023 -№38 М.Мақатаев атындагы ЖОББМ-де «Мен омірді суйемін», «Мен және менің жаркын болашагым», «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны», «Стресті калай жеңуге болады» тақырыптары бойынша өткізілді. (косымша хаттама, фотолары бар).
20.09.2023-№19 А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-де «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырып бойынша семинар тренинг өткізілді. (косымша хаттама, фотолары бар).
20.09.2023ж де «Жасөспірімдер арасындагы зорлық-зомбылықтың алдын алу» такырып бойынша семинар тренинг өткізілді. (косымша хаттама, фотолары бар).
05.10.2023 -№73 ЖОББМ-де «Мен өмірді сүйемін», «Мен және менің жаркын болашагым», «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны», «Стресті калай женуге болады» тақырыптары бойынша өткізілді. (косымша хаттама, фотолары бар).
05.10.2023ж №69 ЖОББМ-де «Мен өмірді сүйемін», «Мен және менің жаркын болашағым», «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны», «Стресті калай жеңуге болады» тақырыптары бойынша өткізілді. (косымша хаттама, фотолары бар).
06.10.2023ж №48 1.Жансүгіров ЖОББМ-де «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырып бойынша семинар тренинг – өткізілді. (косымша хаттама, фотолары бар).емін»,
ДЕ «Ақбура» аға дәрігері У.А.Метровтың айтуынша, бүгінде ДЕ «Ақбураға» қарасты қарасты 3 ФАП пункті бар. Емханада 10 жоғары білімді дәрігер, 42 орта медициналық қызметкерлер еңбек етуде. Сонымен бірге ауыл тұрғындарына амбулаторлық медициналық жәрдем, 3 орынды күндізгі стационар қызмет көрсетуде.
Скрининг барысында дәрігерлер ДЕ «Ақбурада» тұрғындардың қан қысымын, қандағы холестерин деңгейін өлшеп, жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша кеңестер берді. Әмбебап прогрессивті мамандары денсаулыққа пайдалы азық-түлік көрмесін ұйымдастырды. Тіпті арнайы құралдың көмегімен сатып алынатын көкөністердегі нитраттар деңгейін анықтаудың жолын көрсетті. Ауданда жолсапарда жүрген біз де таңертең үнемі су ішетінімізді айтып, қан қысымын өлшетіп, денсаулықты күту жайында біраз кеңес берілді.
– Елімізде басталған «Денсаулық күні» бір күндік емес. Бұл адамға өмір бойы керек бағдарлама. Өйткені саламатты өмір салтын ұстанғысы келетін әр тұрғын күнделікті денсаулығына жауапты болуы тиіс. Өзіне-өзі қарауы керек. Біздің бұл жолғы шарамыз жұқпалы емес аурулардың алдын алуға бағытталып отыр. Тұрғындарға зиянды тағамдар туралы ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұз бен қантты, майлы асты көп қолдану түрлі ауруларға себеп болатынын айтудамыз, – дейді ДЕ «Ақбура» дәрігерлері мен мейірбикелері.
Ал ШЖҚ «Сарыағаш ауданы орталық ауруханасы» МКҚ басшысы Б.И.Мирзалиев шалғай ауылдарға баратын жылжымалы медициналық кешенде дәрігерлер кеңес беріп, зертханалық зерттеулер жүргізуде. Бір жыл ішінде медициналық кешен ауданның барлық ауылдарын аралайды.
Биыл өңірде науқастар тегін дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Сарыағаш ауданы орталық ауруханасының Фарцевт маман А.А.Азретова айтуынша, жылдың басында амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бірқатар қиындық кездесті. Қазір 74 ауру түрі бойынша 212-ден астам препарат сатып алынған. Соның ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті бойынша дәрілерге қажеттілік орындалыпты. Туберкулез дерті бойынша 2-3 препараттың қоры бар. Басқарма дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін 2025 жылға да өтініш беріп қойған.
Дәрігерлердің айтуынша, өкінішке қарай, ауыл тұрғындарының денсаулығы алаңдатады. Өйткені көпшілігінен артериялық гипертензия мен қант диабеті анықталды. Балалар арасында семіздік те байқалады. Артық салмағы бар тұрғындар да аз емес.
– Осының бәрі денсаулыққа дұрыс қарамаудан, – дейді жалпыв тәжірибелі дәрігер Гульмейра Жиенбаева. Сондықтан дәрігерлер ДЕ «Ақбура» тұрғындарына тұз қосылған тағамдарды азайтып, таза суды көбірек пайдалануға кеңес беруде. Күніне 10 мың қадам жаяу жүрудің пайдасы туралы да айтылды. ДЕ «Ақбура» дәрігерлерінің айтуынша, таңғы асқа дейін 1 немесе 2 кесе су ішуді дағдыға айналдырсаңыз асқазан, ішек жолдарын тазалайды.
– Көкөністерді көбірек тұтыну керек. Нан, жарма және макарон өнімдері, күріш, дәнді-дақылдарды күнделікті тұтыну қажет. Йодталған тұзды пайдаланған абзал. Құрамында майы мен тұзы аз сүт және сүт өнімдері (айран, сүзбе, йогурт) күнделікті дастарханда болғаны дұрыс. Жергілікті өндірушілердің азық-түлік өнімдерін сатып алуға басымдық берейік. Өйткені ауылдың дәмі табиғи әрі сенімді, – дейді дәрігерлер.