Жарияланды: 20.08.2018

Түсім көп болса, бюджет қомақты

 

Бүгін бұрынғы іріленген Мақтаарал ауданының 2018 жылға белгіленген болжамды бюджет түсімдерін толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мен салық салу базасын кеңейту мақсатында алқалы жиын өтті. Жиынға Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков және қала, кент, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау және уәкілетті орган қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мақтаарал ауданы мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж. Әбдіғапбаров баяндама жасады. Оның айтуынша, ауданда бүгінгі таңға барлығы 291855 салық төлеуші тіркеліпті. Оның ішінде 266844-і жеке тұлға, 5614-і жеке кәсіпкер саналаса, қазіргі таңда әрекеттегісі — 5344, әрекетсізі – 270-ті құрап отыр. Ауданда 17605 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Осы салық төлеушілер мемлекет қазынасына төлейтін салықтары мен төлемдері облыс пен ауданның меншікті кірісін құрап, өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізіп келеді. Айта кетерлігі, бұрынғы іріленген Мақтарал ауданында жылдың 7 айында бюджеттер бойынша болжамдық жоспарлар мен көрсеткіштер артығымен орындалған. «Мемлекеттік бюджет бойынша болжамдық жоспар 3236,9 млн. теңгенің орнына 3442,1 млн теңге болып, 205,2 млн теңгеге артық, яғни 106,3 пайызға орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 561ғ0 млн. теңге артық түсіп отыр. Өсім 119,5 пайызды құрайды», — деді Ж. Әбдіғапбаров. Ал, республикалық бюджеттің болжамдық жоспары 941,4 млн теңгенің орнына 1091,2 млн теңге болып, 149,8 млн. теңге артық орындалыпты.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

957 қаралым