Жарияланды: 20.08.2018

Құрылыс қарқын алуы экономиканы көтеруге сеп

 

Құрылыс саласы экономикасы дамыған елде ғана қарқын алады. Бұл – нарықтың бұлжымас заңдылықтарының бірі. Бүгінде еліміздің қай түкпіріне барсаңыз да жаңадан салынып жатқан нысандарды көресіз. Демек, бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара саясатымен ел экономикасының тұрақты даму үстінде екенін білдіріп отыр. Айта кетейік, Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында құрылысшы мамандығының маңызы зор. Халқы тығыз орналасқандықтан, әлеуметтік нысандарды, атап айтқанда мектептер, балабақшалар, денсаулық мекемелерінің ғимаратын салу – мұнда үлкен маңызға ие. Бүгінгі таңда аудандағы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты 8 елдімекенде газ тарту құрылысының жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, 7 мектеп, 1 емхана бой көтеруде. Негізгі күн көрісі ауылшаруашылығы болып табылатын ауданда 40 мың гектар жердің құнарлығын арттыру үшін ПУИД-2, ПУИД-3 жобалары арқылы тік дренаждарды ұңғымалардың құрылысы мен коллекторларды тазалау жұмыстары да қарқын алған. Мұның барлығы да аудан тұрғындары үшін, өскелең ұрпағымыз үшін жасалып жатқан үлкен істер екендігін айқын.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1 055 қаралым