Жарияланды: 20.08.2018

Туризмнен түскен табыс толағай болмақ

 

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында алғаш рет аудан басшысының бастамасымен туризм саласы бойынша дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Іс-шараға облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шынтаев, туристік-ақпараттық орталық мамандары, архитектор Бақытжан Әшірбаев және Төлеби ауданы туризм саласының 20-дан астам кәсіпкерлері қатысты. Кездесу барысында ауданның туристік әлеуетін дамыту жолдарын анықтау негізгі мәселе ретінде қарастырылды.Жиналысты аудан әкімі Б.Омарбеков ашып, басты мақсат – туризм саласын жүргізу бизнесінде туындайтын мәселелерді анықтап, кәсіпкерлерге қолдау көрсету екендігін атап айтты. Сондықтан кездесу диалог түрінде өткізілетінін айтты. Сонымен қатар аудан әкімі инфраструктураны дамыту саласындағы жоспарларымен бөлісті. Ленгер қаласы мен демалыс аймақтары аралығындағы көлік мәселесін шешу жолдарының қарастырылып жатқанын тілге тиек етті.О. Шынтасов туристік индустрияны дамытудың орта мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамасының таныстырылым материалын және ауданның туристік инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі нақты шаралар бағдарламасын ұсынды. Оның айтуынша, келесі жылдың тамызынан бастап Шымкенттен Төлеби ауданының тауларына туристердің сапарын жеңілдету мақсатында автобустар шатлын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аудандағы жол белгілерінің әлемдік стандарттарға сәйкес келуі аймақішілік жол қозғалысының жақсаруына септігін тигізетінін атап өтті.Елдің танымал сәулетшісі Бақытжан Әшірбаев Төлеби ауданы әкімдігімен бірлескен жұмыстың басталғаны туралы және қазіргі таңда аудан резервін зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.Айта кетейік, соңғы жылдары Төлеби ауданына деген туристік қызығушылық күн сайын артып келеді. Төлебидің туристік әлеуетін дамыту аймақтың жалпы экономикалық даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Шынында да, әлеует зор, таулар, тарихи және археологиялық нысандар, аса бай жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Кездесу соңында қатысушылар бірқатар мәселелерді талқылап, маңызды және басым мәселелер бойынша пікір алмасты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1 268 қаралым