Жарияланды: 15.07.2024

Жас палуан болашағынан үлкен үміт күттіреді

фото ТО ӘБҚ

 

Негізінде Түркістан облысының палуандары қай додаға салсаңыз да арып шығатын кіл мықтыларды құрайды. Қай жарысқа барсада қанжығалары майланбай қайтқан емес. Жуырда бас қаламыз Астанада қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Дала қырандары» республикалық турнирі өткен болатын. Оған еліміздің түкпір түкпірінен «сен тұр, мен атайын» дейтіндей нағыз мықтылар іріктеліп алынған болатын. Әйгілі палуандар сайысына ел тізгінін ұстаған кіл мықтылар қатысып, өз араларында жеңімпазды анықтады. Сайыс өте тартысты өтті. Белдескен палуандар бірін бірі алып жығып, өздерінің нағыз мықты екендіктерін дәлелдеді.

Бұл шарада Түркістан облысының балуандары 5 алтын, 8 күміс, 14 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болып, облыс мерейін асырды. Айта кетерлігі, республикалық жарысқа облыстан барлығы 36 спортшы қатысып, оның 25-і жүлделі орындарға ие болды.

 

Қазақ күресінің қыр-сырын жетік меңгеріп, 65 келі салмақта үздік атанған Ернұр Әмірбектің өнері ерекше назар аударды. Жаттығуларды үзбей, ұдайы спорттық бабында болатын жас өрен өзінің мықтылығын дәлелдеді. Алдағы уақыттағы Ернұрдың арманы одимпида чемпионы болу. Қазірдің өзінде үздік жетістіктерімен қуантып жатқан оғлан алдағы уақытта да биік белестерді бағындырары сөзсіз. Ернұр Әмірбектің спортқа шынайы берілгендік пен өзін-өзі үнемі жетілдіріп отырудың үлгісі болып отыр. Ол жастайынан жаттығуды тоқтатпады, күн сайын бар күші мен қуатын ең жақсы нәтижеге жетуге жұмсады. Оның табандылығы мен еңбекқорлығы оның табысының кепілі болып отыр және әрбір жетістігі оның жаңа белестерді бағындыруға деген құлшынысын арттыра түсуде.

 

Ұзақ жылғы жаттығулардың нәтижесінде Ернұр қазірдің өзінде тамаша нәтиже көрсетіп, өз саласында болашағынан үміт күттіретін спортшылардың біріне айналды. Оның жарыстардағы жетістіктері жанкүйерлерін ғана емес, қатарластарын да шабыттандырады. Жаттығуға жұмсаған жігері мен ынта-жігері көптеген жас спортшыларға үлгі.

 

Ернұрдың болашақ арманы – Олимпиада чемпионы болу – қол жетпес сияқты емес. Қазіргі жетістіктері мен үзіліссіз ұмтылуымен ол үлкен жетістіктерге бара жатқаны анық. Оның спортқа деген адалдығы, тынымсыз еңбегі оның алға қойған мақсатына міндетті түрде жетіп, елінің абыройын әлемдік деңгейде асқақтататынына еш күмән келтірмейді.

 

 

Оның жетістігін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев марапаттап, оған болашақта үлкен табыс тіледі.

 

Ернұрдың өнері бапкері Айдос Сералиевтің жоғары біліктілігін дәлелдеп, шәкірттерінің республикада алдыңғы қатарда екенін көрсетті. Туған жеріне мақтанышпен оралған Сералиев облыстың спорттық дәстүрлері сәтті дамып келе жатқанын көрсетті.

140 қаралым