Жарияланды: 28.07.2024

Футболдан облыстық жарыс өтті

фото ҚАӘБҚ

 

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында, «Қазығұрт» орталық стадионында қалалық, облыстық спорт клубы мекемелерінің қызметкерлері арасында футболдан облыстық жарыс өтті. Бұл спорттық шараға облыстағы түрлі спорт клубтарынан 11 команда қатысып, жалпы қатысушылар саны 150-ге жуық спортшылар мен қызметкерлерді құрады.

 

Жарыс футбол жанкүйерлерін біріктіріп, Түркістан облысының облыстары мен қалалары арасындағы спорттық байланысты нығайтуға үлес қосқан жарқын оқиғаға айналды. Жас футболшылар мен спорт клубының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, әрбір матчты тартымды әрі тартысты етіп ойын өрнегін көрсетті. Мұндай жарыстарды өткізу жастар мен спорт мекемелерінің қызметкерлері арасында спортты кеңінен насихаттауда, оларды жаңа белестерді бағындыруға, салауатты өмір салтын сақтауға ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Бұл іс-шаралар командалық рухты дамытуға және қатысушылар арасындағы достықты нығайтуға көмектеседі.

Қазығұрттағы жасөспірімдер арасындағы футболдан облыстық жарыстар Түркістан облысында спорт пен дене шынықтыруды насихаттауға тағы бір қадам болып, өңірдің дарынды да ынталы спортшыларға толы екенін, жаңа жетістіктер мен жеңістерге дайын екенін көрсетті. Жарыс өте тартысты өтті. Командалар мықты дайындықпен келгендерін дәлелдеді.  Жарыс топтық, финалдық кезеңдерден тұрды. Ойындар өте тартысты, қызықты және керемет сәттермен есте қалды. Жарыс нәтижесінде: І орын — Түлкібас спорт клубы командасы (Түлкібас ауданы), ІІ орын — Темірлан спорт клубы командасы (Ордабасы ауданы), ІІІ орын — Жетісай спорт клубы командасы (Жетісай ауданы) иеленді. Сонымен қатар, осы жарыста Жетісай спорт клубы командасының ойыншысы Дербіс Оралхан осы жарыстың — «Үздік қорғаушысы» атанды. Аталмыш бағыттағы спорт жарыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

83 қаралым