Жарияланды: 28.07.2024

Кітапхана – жастардың кітаптан рухани нәр алатын маңызды мәдени ошақтары

фото tirshilik-tynysy.kz

 

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының «Жастар» ресурстық орталығы ең үздік орталық номинациясын жеңіп алды. Аталмыш орталық бүгінде қарқынды жұмыс атқаруда. Ауданда 19 742 жас тұрады, мұндағы қоғамдық өмірдің бір қыры – жергілікті кітапханалар өткізетін іс-шараларға жастардың белсене қатысуы. Кітапхана қызметкерлері жастардың мекемелермен байланысын мұқият қадағалап, олардың ауданның мәдени өміріне белсене араласуына жан-жақты басшылық жасауға ұмтылады.

 

Кітапханалар – жастардың кітаптан рухани нәр алатын маңызды мәдени ошақтары. «Кітап – білім бұлағы» деген тіркес жастардың кітап оқу мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығы талқыланатын кездесулер мен жиындардың лейтмотивіне айналды. Жақында Бәйдібек аудандық «Жастар» орталығында өткен кездесу жастардың әдебиетке деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті.

 

Ақын, қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен, сондай-ақ жергілікті журналист, бірнеше кітаптың авторы Абзал Әділбековпен кездесуде облыс жастарының шынымен де көп оқитыны, мұқият оқитыны байқалды. Бұл мектеп оқушылары болсын, әртүрлі мекемелерде жұмыс істейтін жастар осы авторлардың шығармаларынан үзінділер келтіріп, жиналған қауымға жеткізе білгенде айқын көрінді. Жастар үшін кітап оқудың маңызы зор әрине.

Бәйдібек өңіріндегі жастардың өмірінде кітап оқудың алатын орны зор. Кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар рухани құндылықтарды, сыни ойлауды, мәдени түсінуді дамытады. Жастардың әдеби іс-шараларға белсене қатысуы, жергілікті авторлардың шығармаларын талқылап, үзінді келтіре білуі аудандағы әдеби мәдениеттің жоғары екенін көрсетеді.

Жергілікті кітапханалар Бәйдібек өңірінде рухани-мәдени дамудың ошағы болып қала береді. Әкім Ысқақ, Абзал Әділбеков сынды ақын-жазушылар  өлкенің ертеңгі өркендеуінің кепілі болып табылатын оқырманды, ойлы жастарды тәрбиелеуге зор үлес қосуда.

 

Бәйдібек ауданының «Жастар» ресурстық орталығы дарынды жастарға белсенді қолдау көрсетіп, олардың патриоттық сезімін арттыруға күш салуда. Орталықта қылмыс пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға, сондай-ақ жастардың өмірге деген құлшынысын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Жастардың белсенділігін арттыру мақсатында әбеби-мәдени кештер, спорттық шаралар жиі ұйымдастырылады. Жақында республикалық «Әл-Фараби» зияткерлік ойыны өтіп, Бәйдібек өңірінің жастары жақсы нәтиже көрсетті.

«Шаттыққа толы үй!» отбасылық сайысында Облыс командасы бірінші орынды иеленді. Облыстық «Тұран» зияткерлік ойындарында да жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Талантты және ынталы жастарды қолдау бағытында жұмыстар атқарылуда. Орталық жастар арасында дарындылық пен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырады. Отансүйгіштікке тәрбиелеу және қаржылық сауаттылықты арттыру орталық жұмысының басым бағыттары болып табылады.

 

Жастардың кәсіпкерлікке қатысуын ынталандыру мақсатында түрлі кездесулер мен мазмұнды іс-шаралар жоспарлануда. Республиканың танымал және табысты тұлғаларымен кездесулер жастарды еңбек жолында және өмірде биік белестерге жетуге шабыттандырады. Жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту жұмыстары жалғасуда. Патриоттық сезімді арттыруға бағытталған іс-шаралар жастардың бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін, оның гүлденуіне деген ұмтылысты дамытуға ықпал етеді.

 

Бәйдібек ауданының «Жастар» ресурстық орталығы жастарды қолдау мен дамытуда маңызды рөл атқарады. Орталықтың белсенді жұмысының арқасында облыс жастары зияткерлік және спорттық сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі сала бойынша білімдері мен біліктіліктерін шыңдап келеді. Орталық жастардың жан-жақты дамуына, қоғамдағы ұстанымын нығайтуға ықпал ететін патриотизмді тәрбиелеу және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша жұмысын жалғастыруда.

 

Жастар арасында тоғызқұмалақ пен шахмат ойындарынан облыстық жарыстар ұйымдастырып, жастарымыздың білімге деген құштарлығын арттыра отырып, болашақ тұлғаларды қалыптастыру мақсатында да түрлі интеллектуалдық сайыстар өткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, «Береке байлық — ауылда!» атты аудандық туризмді дамыту мен жастарды ауыл өміріне қызықтыру бағытында да екі күндік іс-шара өткізілмек.  Жастар арасында тоғызқұмалақ пен шахматтан облыстық жарыстар өткізу. Тәжірибелі ойыншылар мен жаттықтырушылар қатысқан шеберлік сабақтары. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды сыйлықтармен және дипломдармен марапаттаулар болады.

Сондай ақ, болашақ көшбасшыларды қалыптастыру және жастардың білім деңгейін көтеру бағытында да жұмыстар атқарылмақ. Облыстың көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштеріне экскурсия ұымдастырылады. Дәстүрлі қолөнер және ауыл шаруашылығы бойынша шеберлік сабақтары. Жергілікті өнерпаздар мен орындаушылардың қатысуымен мәдени бағдарлама. Ауыл туризмі мен агротуризмді дамыту бойынша семинарлар мен пікірталастар болады.

Әлеуметтік желілер, жергілікті БАҚ және оқу орындары арқылы қатысушылар

Жастардың ауыл өміріне, салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Жергілікті туризм мен экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау бойынша да жұмыстар жүргізілмек.

 

128 қаралым