Түркістан облысының командасы байдарка мен каноэде есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Алматыда байдарка мен каноэ есуден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталып, Түркістан облысының құрамасы тамаша нәтиже көрсетті. Облыс спортшылары бірнеше медальдар санына ие болды: 21 алтын, 15 күміс және 21 қола жалпы есепте бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.
Түркістан құрамасы көптеген сала бойынша бәсекелестерін басып озып, жоғары дайындық пен шеберлік танытты. Бұл жетістік – бапкерлердің, спортшылардың, облыстың бүкіл спорт инфрақұрылымының қажырлы еңбегінің жемісі. Байдарка мен каноэде есу – дене күшін ғана емес, дәл үйлестіруді, төзімділікті және командалық рухты қажет ететін спорт түрі. Түркістан облысы спортшыларының жеңістері өңірдегі спорттың осы саласының жоғары әлеуеті мен болашақта дамуын көрсетеді.
Қазақстан чемпионатындағы бірінші орын команданың сіңірген еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар одан әрі жетілдіруге және жаңа биіктерге жетуге ынталандыру болып табылады. Мұндай табыстар жастарды жігерлендіріп, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізеді. Түркістан облысының командасын лайықты жеңістерімен құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер мен рекордтар тілеушілер қатары көп.
Шымкенттік команда 15 алтын, 17 күміс, 9 қола медальмен екінші орынға табан тіреді. Қарағанды облысының командасы жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Айта кетерлігі, жарыстың жоғары деңгейі мен чемпионаттың маңыздылығын айғақтайтын жарысқа еліміздің 12 облысынан ескек есу шеберлері қатысқан. Қазақстан чемпионатындағы бірінші орын команданың сіңірген еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар одан әрі жетілдіруге және жаңа биіктерге жетуге ынталандыру болып табылады. Мұндай табыстар жастарды жігерлендіріп, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізеді. Жалпы соңғы әлетте Түркістан облысында аталған спорт түрі жақсы дамып келеді. Түркістандық ескекшілер түрлі жарыстарда жақсы нәтижелерк көрсетіп биік жетістіктерге жетіп жүр. Ол үшін барлық жағлдай жасалған. Түркістан қаласында бүгінде су спортына арналған ауқымды кешен салынуда. Бұл өз кезегінде спортшылардың дайындалуына, мықты бабында болуына септігін тигізері сөзсіз. Алдағы уақытта спортщылар бұдан да биік жетістікке жетері сөзсіз.