Жарияланды: 03.08.2024

Зияткерлік ойындар ұйымдастырылды

фото МАӘБҚ

 

Мәдениет саласы қызметкерлерінің біліктілігн арттыру, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуын, білім, білігін ұлғайту мақсатында бүгінде ауқымда жұмыстар атқарылуда. Күнделікті жүйелі жұмыстардан бөлек, қоғамда болып жатқан барлық оқиғалардан сырт қалмай белсене қатысуға мұрындық болуда.

Кеше Түркістан облысында «АМАНАТ» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен «Жастар ұршы» жастар қанатының, сондай-ақ Мақтаарал аудандық партия ұйымының қолдауымен мәдени-көпшілік шеберлігін шыңдау, біліктілігін арттыруға бағытталған зияткерлік ойындар өтті. Шараға зияткерлік сайыстарға белсене қатысқан аудандық мәдениет үйлерінің қызметкерлері жиналды. Бұл ойындар мәдениет саласының мамандары үшін өз білімдері мен дағдыларын сынауға, сондай-ақ әріптестерімен тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болды. Партия ұйымдарының қолдауы мәдениет қызметкерлерінің дамуы мен кәсіби өсуі үшін мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталды. Зияткерлік ойындар білім мен дағдыларды нығайтуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар қатысушылар достық және бәсекелестік ортада қабілеттерін дамытатын жағымды атмосфераны қалыптастырады.

 

Шараны ұйымдастырушылар үздіксіз білім алу мен қоғамдық өмірге белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай іс-шаралар неғұрлым білікті және ынталы жұмыс күшін қалыптастыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде облыстың және жалпы қоғамның мәдени өміріне оң әсерін тигізеді. Интеллектуалды ойындар нәтижесінде қатысушылар ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, мәдениет саласындағы қызметін одан әрі дамытуға тың идеялар мен мотивация алды. Интеллектуалдық ойындар: жастардың бойындағы білім мен патриотизмді дамытуға жол ашады.

 

Интеллектуалдық ойынның мақсаты – «АМАНАТ» партиясы «Жастар рухы» қанатының VI съезінде қойылған міндеттерді жүзеге асыру, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың бойында терең білім, еңбекқорлық пен отансүйгіштік  сияқты қасиеттерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара жастардың бойында осы қасиеттерді дамыту жұмыстарының маңызды бөлігіне айналды, сонымен қатар олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал етті. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын кеңінен насихаттау. Әлеуметтік белсенділікті ынталандыру және жастарды мәдени-әлеуметтік процестерге тарту. Мұндай шаралар жастардың білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, өз елінің дамуына белсенді атсалысуға ықпал ететін патриоттық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді. Зияткерлік ойындар сонымен қатар қатысушыларға тәжірибе және идеялармен алмасу мүмкіндігін береді, бұл олардың жеке және кәсіби өсуіне ықпал етеді.

Интеллектуалды ойындар аясында жүргізуші қатысушыларды шараның ережелерімен және құрылымымен таныстырды. Ақыл-ой ойындары төрт кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы бірегей және қызықты сұрақтарды ұсынды. Жүргізуші қатысушыларға ойынның қалай өтетінін толық түсіндірді. Ол сұрақтардың LED экранда көрсетілетінін және әр сұраққа жауап беруге 30 секунд уақыт берілетінін түсіндірді. Бірінші кезеңде қатысушыларға ауданның тарихына, мәдениетіне, географиясына қатысты сұрақтар қойылды.Бұл кезеңде аймақтың дамуына әсер еткен оқиғалар мен тұлғаларға назар аударылды. Өнер және спорт та назардан тыс қалған жоқ. Мұнда қатысушылар мәдениет саласына қатысты сұрақтарға жауап берді. Төртінші кезеңде логикалық сұрақтарға жауап берді.

 Қатысушыларға әр сұраққа жауап беру үшін 30 секунд берілді, бұл ойынның серпінділігін сақтап, жылдам реакцияларды ынталандырды. Зияткерлік ойын қатысушылардың білімін тексеруге ғана емес, сонымен қатар олардың аймақ пен ел өмірінің маңызды аспектілерін талқылауға және талдауға белсенді қатысуына ықпал етті. Интелектуалды ойындардың бүгін өткен іріктеу кезеңіне аудан әкімі аппараты, бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері, депутаттар, кітапхана ұжымы, Атакент ауруханасының ұжымы, жастар орталығының ұжымы, мәдениет саласының ұжымы және спорт саласының өкілдерінен жалпы 9 команда қатысып, ойын ережесі бойынша 4 шартты орындап шықты. Ойын өте тартысты өтті. Қатысушылар өздерінің мықты дайындықпен келгендерін дәлелдеді. Жарыс қорытындысы бойынша «AMANAT AQYLMEN» интеллектуалды ойынында үздік шыққан 3 жеңімпаз анықталды. III-орынды спорт саласының өкілдерінен құралған «Намыс» командасы иеленсе, II-орыннан аудандық кітапхана ұжымынан құралған «Кітап Team» командасы көрінді. «Атакент» ауруханасының ұжымынан құралған «Қыран» командасы I-орынды қанжығалап, жеңімпаз атанды. Аудандық кезеңде бірінші орын алған команда  облыстық кезеңіне жолдама алды. Расында да командалар ылғи «сен тұр, мен атайын» дейтіндей мықты мамандар болды.  Жарысқа қатысушы командаларға «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов атынан алғыс хат пен дипломдар, сертификат пен сыйлықтар табысталды. Облыстық кезеңге жолдама алған команда дайындықтарын күшейту қажет. Олар интеллектуалды ойындардың шешуші кезеңі Түркістан қаласында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтеді. Осы кезеңге жеңімпаз команда жақсы дайындалуы қажеттігі айтылды. Облыс жеңімпазы болған команда Республикалық сайысқа жолдама алады.

 

 

 

 

207 қаралым