Жарияланды: 05.08.2024

Әдемі әжелер ән салды

фото Елтұмар.кз

 

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы саналатын «Ардақты ана» мұражайында «Ән керуен» атты шара өтті. Бұл шарада «Көркем әжелер» тобы өнер көрсетті. Қырғызстанда өткен «Достық» фестиваліне қатысып, екінші жүлдені жеңіп алған әжелерді құттықтауға ерекше назар аударылды. Сайрам аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің директоры Алашбаев Даулетхан қатысушыларға алғысын білдіріп, алғыс хаттар табыстады. Шара түрлі ұрпақ өкілдерін біріктіріп, мәдени дәстүрлер мен сабақтастықтың маңыздылығын атап өткен жарқын оқиға болды. Қатысушылар мен қонақтар отбасылық құндылықтардың маңыздылығын және өңірдің бай мәдени мұрасын еске түсіретін «Көркем әжелер» тобының қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік алды.

 

Ыстықкөлдегі әжелеріміз ел аузында жүрген әндерді шырқап, қазақтың ұмыт болған «Ат қою» дәстүрінен сахналық көрініс қойды. Бұл қойылым ерекше әсерлі болды және көрермендерге Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Сайрам аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Бекахметова Разия, Тұрсынбаева Мейірхан, Мырзабаева Серғали және Байғожаева Әйгерім әжелер құттықтап, келген қонақтарға әсем әннен шашу шашты. Олардың қойылымдары мәдени алмасу мен салт-дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығына тоқталып, мерекелік шараға тамаша қосымша болды. Іс-шараға Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің директоры Алашбаев Даулетхан, Шымкент қалалық этно-мәдени орталық төрайымы Гауһар Толепова, Қаратау аудандық “Бибі ана” қоғамдық ұйымының төрайымы Құралай ханым қатысты.

 

 

«Көркем әжелер» тобына бұрын дәрігер, мұғалім, есепші, оператор болып жұмыс істеген зейнеткер әйелдер бар. Топты Роза Әлімбекқызы Үсенбекова басқарады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін ол қазақ өнерін, ұлттық киімдерін белсенді түрде насихаттауда. Ыстықкөлде өткен «Достық» фестивалінде әжелеріміз халық әндерін орындап, жеңісті қолдан бермеді. Әлемнің әр түкпірінен жиналған өнерпаздарға халқымыздың ұлы мұрасын насихаттап, әннен шашу шашып қайтты.  Олардың қойылымы қазақ мәдениетінің байлығын айшықтайтын жарқын да есте қаларлық оқиғаға айналды. Сондай-ақ, бұл мереке салт-дәстүрді сақтау мен жалғастырудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті, сонымен қатар аға ұрпақтың өңірдің мәдени өміріне қосқан үлесін атап өтті.

192 қаралым