Жарияланды: 07.08.2024

Түркістанда «Абай сөзі – қазақ халқының бойтұмары» атты әдеби-сазды- кеш өтті

фото Елтұмар.кз

 

10 тамыз Абай күніне орай Түркістан қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай сөзі – қазақ халқының бойтұмары» атты әдеби-сазды, мәдени кеш өтті. Бұл шара Абай Құнанбаевтың қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесін атап өту үшін мақсатында жастар мен оның шығармашылығын құрмет тұтатындардың басын біріктірді. Шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ — түрік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент, оқытушы, «Адамгершілік ілімі жəне Хакім Абай» кітабының авторы Мақсат Əліпхан, «Тілдерді дамыту жəне оқыту» орталығының маманы, ақын Жұмабай Айгерім қатысып, «Абайды тану — адамның өзін — өзі тану жəне үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі — кемелдіктің көрінісі» екенін айтып өтті.

 

 

Шараның мақсаты – жастарды Ұлы ақынның шығармашылығын сүюге баулу, оның өмірі мен қасиеттерін үлгі тұтып, олардың білімге, ғылымға, поэзияға деген құштарлығын ояту болды. Ұйымдастырушылар қатысушыларды Абай шығармаларымен таныстырып қана қоймай, оның әдеби мұрасын терең түсінуге және бағалауға қолайлы жағдай жасауға ұмтылды. Іс-шараға қатысушылар Абайдың өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқып, олардың мәні мен қазіргі замандағы өзектілігін талқылады.

Абай өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, домбырамен музыкалық шығармалар орындалып, ерекше күй тудырып, поэзия рухын терең сезінуге ықпал етті. Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығын белсенді түрде талқылап, өз ойлары мен әсерлерімен бөлісіп, оның даналығын күнделікті өмірде қалай қолдану керектігі жөнінде пікір алмасты.

 

Кешті ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың Абай Құнанбаев мұрасына деген қызығушылығын оятып, білімге, өзін-өзі дамытуға деген құштарлығын оятады деген сенім білдірді. Олар Абай шығармашылығының тек мәдени мұра ғана емес, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге екеніне тоқталды.

 

 

Тілдерді оқыту және дамыту орталығының маманы Әйгерім Жұмабай «Абай ғұлама» атты өлеңін арнады. №21 орта мектептің оқушысы Нұртаза Мұсахан: «Мен жасымда ғылым бар деп ойламаппын», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», кітапхананың жас оқырманы Берік Қарақат «Ғылым таппай мақтанба», «Мен өлең жазбаймын ермек үшін» өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапхананың жас оқырманы Рақымжан Әлиханның орындауында «Қазақ» патриоттық әні ерекше көңіл-күй тудырып, Абай поэзиясының рухын терең сезінуге ықпал етті. Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығын белсенді түрде талдап, өз ойлары мен әсерлерімен бөлісіп, оның даналығын күнделікті өмірде қалай қолдану керектігі жөнінде пікір алмасты. Кешті ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың Абай Құнанбаев мұрасына деген қызығушылығын оятып, білімге, өзін-өзі дамытуға деген құштарлығын оятады деген сенім білдірді. Олар Абай шығармашылығының тек мәдени мұра ғана емес, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге екеніне тоқталды.

 

Шара соңында оқырмандар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сирек басылымдар мен материалдар қойылған «Абай дана, Абай жалғыз» атты кітап көрмесімен танысты. Кешті ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың Абай Құнанбаев мұрасына деген қызығушылығын оятып, білімге, өзін-өзі дамытуға деген құштарлығын оятады деген сенім білдірді. Олар Абай шығармашылығының тек мәдени мұра ғана емес, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге екеніне тоқталды.

Кеш осы маңызды мәдени шараның символикалық қорытындысы болған Абай өлеңдеріне жазылған әндерді жалпы орындаумен аяқталды. Түркістан қалалық орталық кітапханасы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, қазақтың мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған осындай іс-шараларды ұйымдастыруда алдағы уақытта ынтымақтастықта болатынына сенім білдірді.

177 қаралым