Жарияланды: 07.08.2024

Балғын балалардың арманын орындады

фото Елтұмар.кз

 

Әсел Бимырзаеваның «Армандар орындалады» жобасы аясында тағы бір жарқын оқиға орын алды. Бұл жолы Түркістан қалалық мәдениет үйінде өнерпаздар балғын көрермендеріне қызықты концерттік бағдарламаларын тарту етті.

 

«Армандар орындалады» жобасы балаларды шабыттандыруға, олардың шығармашылық талпыныстарына қолдау көрсетуге және қуаныш сыйлауға бағытталған. Мәдени орталықтың өнерпаздары мерекелік шараға арнап түрлі қойылымдар әзірлеп, музыкалық-би нөмірлері балалардың көңілінен шығып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Іс-шара балалардың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын дамытуға ықпал ететін, сондай-ақ олардың өзін-өзі танытуға және мақсатқа жетуге деген ұмтылысын қолдау мақсатында жылы және достық жағдайда өтті. Ұйымдастырушылар әртістерге және барлық қатысушыларға ұмытылмас оқиғаны жасауға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді. Жүрегі жұмсақ, қолы кең жандардың қолдауының арқасында балалардың армандары орындалды. Шара барысында балалар әртістердің өнерін тамашалап қана қоймай, көптен күткен сыйлықтарға ие болды. Олар күннің ең бір қызығы болған қайықпен серуендеп, мерекелік ән-жырдан шашу шашты. Шара соңында балалар жақсы көңіл-күй мен естеліктерге шомылып үйлеріне қайтты. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың балалардың өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, осы шараның өтуіне себепкер болғандардың барлығына алғыстарын білдірді.

99 қаралым