Жарияланды: 23.08.2024

Қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеуге арналған байқау өтті

фото Сайрам мәдениет

 

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында өзге ұлттар арасында қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке арттыру мақсатында арнаы байқау өткізілді.  Аталмыш байқау «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады. Шараны

Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесігің ұйытқ болуымен өтті.  Қазақ халқының әдеби мұрасын ұлықтау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттыру, Абай шығармаларының эстетикалық талғамы мен тұлғалық қасиеттерін, сондай-ақ ұлылар поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысушылар көп болды. Бұл шара Сайрам өңірінің жастары арасында Абай шығармашылығын насихаттаудағы маңызды қадам болды. Байқауға ақынның өлеңдерін бар ықыласпен оқып, көркемдік қабілеттері мен шығармаларын терең түсінетіндігін танытқан көптеген қатысушылар жиналды. Поэзияны музыкамен оқу поэзия мен музыканың тоғысқан ерекше атмосферасын тудырды, эмоционалды қабылдауды күшейтті. Қатысушылар Абай мұрасын терең түсінуге ықпал еткен Абай шығармашылығының олардың өміріндегі маңызы туралы алған әсерлері мен ойларымен бөлісті. Байқау аясында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оның шығармаларымен қатар қазақ әдебиетіне әсері туралы кітаптар қойылды. Бұл қатысушыларға ақынның әдеби мұрасымен танысуға және оның идеяларының бүгінгі күні қаншалықты өзекті екенін түсінуге мүмкіндік берді. Кітапханашылар Абай шығармашылығына деген қызығушылықтың артуына ықпал еткен әр кітап, оның авторы мен тақырыбына тоқталды.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, бұл олардың еңбегін бағалап, Абай шығармашылығын одан әрі зерттеуге шабыт берді. Марапаттау рәсімінде шараның жергілікті қоғамдастық үшін маңызы және жастардың поэзия мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырудағы рөлі айтылды. Сонымен, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» облыстық байқауы Сайрам өңірінің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, Абай шығармашылығын кеңінен насихаттауға, жастардың мәдени тұлғасын қалыптастыруға үлес қосты. Шара қатысушыларды қазақ әдебиетін одан әрі зерделеуге және облыстың мәдени өміріне белсенді қатысуға шабыттандырды.

 

 

 

Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» облыстық байқауына Сайрам ауданынан 13 үміткер қатысты. Шара үш кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы ұлы ақынның шығармашылығын тереңдетіп, зерделеуге бағытталған. Бірінші кезеңде қатысушылар Абайдың кемінде үш өлеңін жатқа оқыды. Бұл олардың ақын шығармашылығын білетіндігін және оның шығармаларының эмоционалдық бояуын мәнерлі жеткізе білуін көрсетті. Өлеңді жатқа оқу тек жақсы есте сақтауды ғана емес, поэтикалық жолдарды сезініп, түсіндіре білуді де қажет етеді. Байқаудың екінші кезеңі Абайдың «Қара сөздерінің» бірін толық оқуға арналды. Қатысушылар оқу дағдыларын көрсетіп қана қоймай, таңдап алған «Қара сөздің» мағынасын өз сөздерімен түсіндірді. Бұл Абайдың өз шығармаларына енгізген философиясы мен идеяларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Қорытынды кезең мақал-мәтелдің жалғасын табу болды яғни қатысушылар мақалдың бас жағы айтылса соны жалғастырып кетті. Мақал-мәтелдер қазақ мәдениетінің құрамдас бөлігі болып, халық даналығын көрсетеді. Қатысушылар қазақ фольклоры саласындағы білімдерін, мақал-мәтелдерді Абай шығармашылығымен байланыстыра білу дағдыларын көрсету керек болды.

Байқаудың үш кезеңі де Сайрам өңірінің жастары арасында Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталды. Олар қазақтың классикалық әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттыруға, эстетикалық талғамын, ұлылар поэзиясына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға үлес қосты.

Осылайша, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» облыстық байқауы жастарды Абай Құнанбаев шығармашылығының төңірегіне топтастырып, өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Іс-шара оның мұрасын насихаттап қана қоймай, қатысушылардың рухани және отансүйгіштікке баулуына ықпал етті.

 

Байқауға Түркістан облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Исатай Гүлмира Асқарқызы, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің профессоры, философия ғылымының кандитаты Файзулла Гүлназ Файзуллақызы, аудандық білім бөлімінің қазақ тілі әдіскері Шонтукова Меруерт Қуанышқызы қазылық етті.

 

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Джалиева Севара Корганбаевна, І орынды М.Мақатаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Рахматуллаева Айдын Тахировна, ІІ орынды Далабазар жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Юсупова Равшанай, ІІІ орынды Д.Қонаев атындағы ЖОМ ЖШС-нің мұғалімі Исраилова Клара Абдуғаниқызы. «Қара сөз шебері» номинациясымен Әл-Фараби атындағы ЖОМ ЖШС-нің мұғалімі Файзуллаева Дурдона Хаятуллаевна, «Талантты қатысушы» номинациясымен №104 НОМ-нің мұғалімі Юнусметова Наргиза Абдикахарровна, «Мәңерлеп оқушы» номинациясымен №7 Бабыр жалпы білім береті мектебінің мұғалімі Эргешова Малика Учкуновна ие болды. Барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

149 қаралым