Жарияланды: 23.08.2018

Ет өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібі өркендеуде

Бүгінде Түркістан облысындағы Төле би ауданында мал шаруашылығын дамыту үшін қолға алынған ауқымды жұмыстар баршылық. Оған түрлі мемлекеттік бағдарламалар да қол созып отыр. Қайта өңдеу бағыты бойынша  Аққұм ауылдық округіндегі «Тұмар» Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 120 миллион теңге инвестиция тартып, мал сою алаңшасының құрылысын аяқтап, ет өнімдерін өңдеу кәсіпорынының қондырғыларын орнатты. 2018 жыл соңына дейін жоба іске асқан жағдайда, күнделікті 30-50 бас ірі қара немесе жылқы малын сойып (ет өнімдерін полиэтиленді пакетке орап) қайта өңдеп,          12 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлауда. Аталмыш кооператив «Оңтүстік АИО» ЖШС 67,8 млн. теңге несиеге құжат тапсырған, жақын күндері несиеге қол жеткізіп жұмысын бастайды. Одан бөлек, Бірінші Мамыр ауылдық окруігінде «Болашақ Нұры» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі сүт өңдеу кәсіпорнын ашу бағытында жұмыс жүргізуде. Мал шаруашылығы бойынша 2018 жылдың шілде айында өндірілген  ет өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 100,2  пайызды құрап 8,2 мың тонна, сүт 106,3 паызды құрап  38,9 мың тонна, жұмыртқа 84,9 пайызды құрап 11,2  млн. дана және қойдан қырқылған жүн 91,5 пайыз құрап 386,8 тонна өндірілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша меже 250 бас ірі қара малды тұқымдық түрлендіру, 328 бас ірі қара мал алынып, меже 131 пайызға орындалды.

1 200 қаралым