Жарияланды: 23.08.2018

Бизнес биігін бағындырған

Кәсіпкерлік саласында нәпақасын арттырып жүргендердің дені мемлекеттік бағдарламалардың арқасында биік белестерді бағындыруда. Түркістан облысындағы Төле би ауданында  «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 жоба жүзеге  асырылып отыр. Атап айтсақ, “Балабақша “Жаз-Меру” ЖШС-і балабақша ғимаратын сатып алу үшін 30,0  млн теңге; “Шымкент Құс” ЖШС-гі құс фабрикасына қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін 115,0 млн теңге алды. Кәсіпкерлік саласында  2018  жылдың  7  айында  жалпы  тіркелген  субьектілер  саны 8 019  субьектіні құрады, оның  ішінде жұмыс  істеп тұрғаны 7 343 субьект, яғни  белсенді  субьектілер  91,5  пайызды  құрайды. Жаңадан ашылған 13 заңды тұлға және 180 жеке кәсіпкерлікте     300 жұмыс орын ашылды. 2018 жыл соңына дейін кәсіпкерлік  саласында 5 883,0 млн теңге  инвестиция тартылып   жаңадан  26  нысан  ашылуы  жоспарлануда, нәтижесінде  472  жаңа  жұмыс  орындары  құру жоспарланса  ағымдағы  жылдың  7  айында  нақты 2 775,1  млн  теңгеге инвестиция тартылып 14  нысан жүзеге  асып 275 жаңа  жұмыс орындары құрылды. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың                        7 айында 13 млрд 570,4 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,5 пайыз. Үш жақты келісім шартқа сәйкес қарқынды жеміс-жидек егу межесі 110 га, орындалғаны 78 га, яғни 70,9 пайызға орындалды.

1 193 қаралым