Жарияланды: 11.12.2024

85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізуші құрықталды

фото ТОПД

Патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау — қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы Lexus көлігіне қатысты белгі алды. Бұл көліктің иесі қомақты мөлшерде қарызын төлемеген болып шықты.
 
Полиция қызметкерлері көлікті Шымкент — Самара тасжолында тоқтатып, жүргізушінің қаржы ұйымына 85 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады.
❕Көлік айыптұраққа қойылды. Полицейлер жүргізушіге қарызды уақытында төлеу қажеттігін түсіндірді.
339 қаралым