Жарияланды: 16.04.2025

Есірткіні жасырын орналастырушы ұсталды

фото ШҚСБҚ

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, заңсыз өткізу мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) айыпталған Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сотталушы Д. 2024 жылдың сәуір айында «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз тұлғамен есірткіні жасырын орналастыру бойынша келіседі.
 
Яғни, Д. психотроптық заттарды изолентамен оралған түйіншектерді кішкентай топтамасымен, белгісіз тұлғаның айтуымен белгіленген жерлерге жасырып жүрген.
2024 жылдың қараша айында Д. белгісіз тұлғаның айтуымен, «Асар-2» шағын ауданында жолдың шетінде жасырылған 1 бума полиэтилен пакетке салынған аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды алған. Алайда, өзінің жалға алған үйдің алдында полиция қызметкерлеріне ұсталған.
 
Д.-ны жеке тінту барысында, одан екі дана ақ түсті полиэтилен пакетке оралған, аса ірі мөлшердегі, психотропты заты α-прирролидиновалерофенон (α–PVP), жалпы салмағы 2 016,67 грамм тәркіленіп, одан бөлек жалға алған үйді тінту барысында психотропты зат меткатинонның (синоним: эфедрон) аналогы – мефедрон (синоним: 4-метилметкатинон) массасы – 79,1 грамм, есірткі құралы гашиш массасы 9,90 грамм, психотропты зат меткатинонның аналогы – 3-хлорметкатинон массасы 1,9964 грамм, психотропты зат α-прирролидиновалерофенон (α–PVP), массасы 0,48 грамм, психотропты зат МDMB-4en-PINACA-ның массасы – 0,0086 грамм айғақты зат ретінде тәркіленген.
 
Куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сот сараптамаларының тұжырымдарымен, тінту хаттамаларымен және өзге де құжаттармен дәлелденеді.
 
Прокурор Д.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы өзінің әрекетін толығымен мойындап, оған жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
 
Сот, сотталушылардың қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерген, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот, Д.-ны ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
143 қаралым