Жарияланды: 27.04.2025

Әйнектерді күңгірттеп алған 47 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

фото ТОПД

8 күнде Сайрам ауданында полициямен анықталған 450-ге жуық құқықбұзушылық бойынша шара көрілді. Сайрам аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен ауданда профилактикалық шаралар өткізілуде. Мәселен “Қауіпсіз жол”іс-шарасының 8 күнінде 447 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
 
Олардың ішінде мас күйінде көлік жүргізудің-1, қарсы бағытқа қарай жүрудің-1, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтуінің -180, жүргізу құқығы жоқ тұлғалардың көлік басқаруының -24, жаяу жүргіншіге жол бермеудің- 34, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарудың-68, әйнектерді күңгірттеп басқарудың-47, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрудің -9 дерегі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 15 көлік айыптұраққа қойылды.
75 қаралым