Жарияланды: 27.08.2018

Ет экспортына еселей үлес қосуда

Бүгінде Түркістан облысындағы Сайрам ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің құлағын ұстаған ағайын қатары көбейіп келеді. Жер емген, мал бағып, диханшылықты кәсіп еткендердің айы оңынан туып тұр. Негізінде Сайрам ауданы ауыл шаруашылығын да, мал шаруашылығын да өркендетуге  қолайлы аудан. Оның үстіне халқы да еңбекқор. Шыбықтан шынар өсіріп шығаратын еңбексүйгіштігі тағы бар. Шағын кәсіпкерлікті шырқ үйіріп, бүгінде ірі кәсіпорынға айналғандары тіптен көп. Солардың бірі әрі ірісі «Қайып ата» шаруашылығы бүгінде ішкі нарықты қамтудан бөлек, сыртқы нарыққа да өнім өндіруде. Мал шаруашылығының шырайын кіргізіп, бүгінде бір емес бірнеше еншілес кәсіпорынның басын біріктіріп отыр. Мал сою бекетінің атқарып отырған ауқымды жұмысы тағы бар. «Nurum grup» мал бордақылау бекеті де ет экспортына еселей үлес қосуда. Жылпы Сайрам ауданында мал бордақылаумен айналысатын бір емес жүздеген шаруашылықтар бар. Еліміздің батыс және шығыс аумағын толықтай етпен қаматамасыз етуге қауқары жетеді. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, мал бордақлыаумен айналысуға ниетті тағы бірнеше кәсіпорындар іске қосылуы мүмкін.

 

1 269 қаралым