Жарияланды: 27.08.2018

Оң өзгерістермен бөлісті

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Уалихан Қайназаров Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының бір қатар нысандарын аралып шығып, жұмысшы азаматтармен кездесті. Алдымен «Қарқын-2030» ЖШС-інің шұжық өндіруші ұжымымен кездесті. Қақпақ ауылындағы «Қарқын-2030» ЖШС 2009 жылы іске қосылған, кәсіпорын шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. Зауытта «Нәрлен» сауда белгісімен таңбаланған шұжықтың 60-қа тарта түрі дайындалады. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 1,5 тоннаға дейін жетеді. Бүгінде кәсіпорынның өнімділігі 5 тоннаға дейін артқан. Нәтижесінде өнім сапасы жоғары, сапалы болғандықтан бүгінде «Нәрлен» сауда белгісі бренд өнімге айналып отыр. Сатып алармандары мол. Әрі тапсырыспен алдыратындар да баршылық.  Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізбек. Депутат атқарылып жатқан жұмыстарға оғ бағасын берді. Содан соң Қызылқия ауылдық округіне қарасты Қызылсеңгір елді мекеніндегі 300 орындық мектептің тыныс тіршілігімен танысты. «Амангелді» ЖШС-інің жұмысшыларымен кездесіп халық қалаулысы парламентте болып жатқан оң өзгерістермен бөлісті.

 

1 255 қаралым