Жарияланды: 28.08.2018

Кәсіпкерлік табыстың көзі

Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға арналған көптеген бағдарламалардың арқасында бизнестің биігіне шығып, нәпақасын арттырып отырғандар көп. Кәсіпкерлер көбейсе ел экономикасының көсегесін көгертпек. Бұл дегеніңіз табыс, салық, кіріс, одан қалса жұмыссыздардың қатарын азайтуға да септігін тигізеді. Түркістан облысындағы монқалалардың бірі Кентау қаласында да шағын және орта бизнестің құлағын ұстаған кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді. Кезінде моноқалаларды дамыту бағдарламасының арқасында көптеген гранттар бөлінген болатын. Қайтарымсыз қаражатқа 37 кентаулық қол жеткізген болатын. Ол мақсатқа 80 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Соның арқасында бүгінде біраз кәсіпкерлер тасын өрге домалатып отыр. Бағдарлама аясында бөлінген қаржы тек қана кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, қаланың көркеюіне, абаттандыруға да көп септігі тиді. Кентаудағы  «Болашақ», «Батыс», «Жұлдыз» атты 3 шағынауданға инфрақұрылым жеткізілді. Аталған үш шағынауданда 892 үй салынған болатын. Аталған тұрғын үйлерге 1,9 миллиард теңге жұмсалып, барлық инфрақұрылым тартылды. Тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасалған. Кәсіпкерліктің дамуына да барынша жағдай жасалуда.

 

1 111 қаралым