Жарияланды: 01.09.2018

Өнім мемлекеттік стандарт талаптарына сай

Хризотилцементті шифер 100 жылдан бері қолданылып келе жатқан дәстүрлі жабындық материал болып саналады. Хризотилцементті шифердің құрамы портландцемент, хризотил (ерекше талшықты минерал) және судан тұрады. Артықшылығы отқа төзімділігі, тез тұтанғыш заттарға жатпайды. Пайдалану мерзімінің ұзақтығымен де ұтымды. Елімізде хризотилді асбестің қолданылып келе жатқанына ширек ғасырдан аса уақыт болды. Мамандар асбесті екі бөлікке бөледі: амфиболді және хризотилді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда амфиболдық асбест адам денсаулығына қауіптілігі анықталған. Аталған асбест қышқылға төзімділігі бар, сондықтан да өкпедегі сүзгіден шықпайды, ағзаға осылайша қауіп төндіреді. Сол себептен де әлем бойынша аталған өнімді қолдануға тиым салынған. Швейцария, Германия және АҚШ -тағы токсикологиялық зертханалардағы зерттеулердің нәтижесінде  хризотил ең қауіпсіз минерал болып табылады. Ағзаға ешқандай қауіптілігі жоқ. Осы қауіпсіз шикізатты пайдаланатындықтан «Tectum Engineering» зауыт өніміне сұраныс жоғары. Бақытжан Балтабаев, технолог: «Зауыттан шығарылатын өнімдеріміз өте сапалы. Сатып алушылар өте көп. Сапасына сын айтқандар жоқ. Күніне орта есеппен 6000-9000 дана шифер шығарамыз. Бұл әлі көздеген межеміз емес. Сапасын құртпай санын көбейтсек деген мақсатымыз бар» . Максим Коновалов, сату жөніндегі менеджер: «Жыл жылжыған сайын сату көлемін ұлғайтып жатырмыз. Бір жыл бұрын еліміз бойынша шифер шығаратын жалғыз зауыт болатын. Зауыт жаңа құрал жабдықтармен жұмыс істейді, елімізде баламасы жоқ. 2015 жылы Римдік жабынқыш пен желдеткіш қасбет шығара бастадық. Өндірісте экологиялық таза шикізат пен табиғи минералдар қолданылады. Өндірілген өнім мемлекеттік стандарт талаптарына сай. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды көздеп отырмыз».

1 024 қаралым