Жарияланды: 02.09.2018

Шетелге шығарылатын тауардың сапасы талапқа сай болуы тиіс

Түркістан облысында тауар өндіретін кәсіпорын мамандарының біліктілігін арттыратын үш күндік оқыту семинары өтті, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасы. Оған құрылыс материалдарын және электр жабдықтарын шығаратын кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Мамандар экспортқа шығарылатын тауарлардың техникалық регламенттерін сақтауды үйренді. Техникалық маман иелерінің біліктілігін арттыратын мұндай семинарлар халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Сондықтан дәрісті өнеркәсіп саласына басым секторлардың жетекші мамандары оқыды. Оқыту жұмыстарына облыс аумағындағы құрылыс материалдары мен электр жабдықтарын шығаратын кәсіпорынның жұмысшалыры қатысты. Сәкен Бейсеев: Стандарттау, сертификаттау институтының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры:  «Сапа менеджменті бар. 9001 жаңа нұсқасы енгізілген. Осы жаңа нұсқаны түсіндірдік. Ұжымда ұйым басқару бойынша түсіндірдік. Бұл да біздің кәсіпкерлерімізге керек. Өйткені кәсіпорында болып жатқан қателіктердің 96 пайызы жұмысшының қате жұмысына байланысты». Семинарда сапа менеджметінен бөлек, техникалық қауіпсіздік, тауардың халықаралық талапқа сай болуы үйретілді. Яғни, отандық тауар шет елге шыққанда сапасы талабына сай жауап беруі тиіс дейді мамандар. Өндірген тауарларын шет елдің нарығына шығаратын кәсіпкерлер талап бойынша техникалық регламенттегі өзгерістерді білуі шарт. Александр Варенцов, семинарға қатысушы: «Бұл семинарда техникалық регламенттердің негізгі қажетіліктер айтылып жатыр. Жылдан жылға өзгерістердің бәрін есте сақтау мүмкін емес. Бірақ осындай сабақтар біліктілігімізді арттыруға көмектесуде». Үш күннің ішінде тауар өндірушілер техникалық регламенттердің талабын меңгеріп шықты. Оған қоса заңдылықтарын жаттады. Шара соңында өндіріс орындарының мамандарына сертификат табысталды.

1 276 қаралым