Жарияланды: 02.09.2018

Ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында тұтастай республика көлемінде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1 012,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңінің деңгейінен 4%-ға жоғары. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі – тірі салмақтағы мал мен құстың сойылған көлемінің – 5%-ға, сиырдың шикі сүтінің сауымының 3%-ға ұлғаюымен, алынған тауық жұмыртқасы санының 14,3%-ға көбеюімен байланысты болып тұр. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 млрд. теңгеге артқаны байқалады. Республикада өнім көлемі бойынша облысымыздың үлесі 14,6 %-ға жетіп, 2-орынды иеленіп отырса, ал, ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 68,6 млн. АҚШ долларын құрап, 18,2 %-ға артқан (1-кесте). «2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4686,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34%-ды құраған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 448 мың гектар суармалы жерді игеру жоспары қазіргі таңда 3,3%-ға артығымен орындалған. Бұдан өзге, биыл ауыл шаруашылығы саласындағы барлық техникалардың 6,2%-ы жаңарған» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің «ontustіk.gov.kz» ресми ақпараттық сайты.

Айдана МАМЫР «Оңтүстік Қазақстан» газеті

 

1 139 қаралым