Жарияланды: 02.09.2018

Кәсіпкерлік саласында серпіліс бар

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны А.Хабибуллаев 2014 жылы мал бордақылау алаңын ашқан. Ірі қара өсірумен айналысатын шаруа, бүгінде сүт өндіруді де жолға қойған. Қазіргі таңда 10 сиыр сауып, 10 өгіз бордақылап отыр. 2 адам жұмыспен қамтылған. Осы ауылдың тұрғыны О.Юлдашева жанұясымен жылыжай шаруашылығын қолға алған. 20 соттық аумаққа қызанақ пен қияр өсірумен айналысады. Қожалық иесі кәсібін бастапқы да 3 млн. теңге несие алып бастаған. Бүгінде шаруа 15 тоннаға дейін өнім алып, Кентау, Түркістан қалаларына саудалауда. Сонымен қатар, Кентау қаласында «Өрлеу» және «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламаларының арқасында жеке кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетіп отырғандар да баршылық. Солардың бірі 3 баланың анасы С.Молдабаева «Өрлеу» жобасы арқылы 766500 теңге алып, жеке тігін шеберханасын ашқан. Бір адамды жұмысқа қабылдаған кәсіпкер көрпе-төсек бастап, киім кешекке дейін тігуді қолға алған.Айта кетейік, 2017 жылы «Өрлеу» жобасы бойынша 790 отбасы 288,2 млн. теңгеге ақшалай көмек алған. Олардың қатарында мал және құс шаруашылығынан бөлек, тігін, ағаш, темір шеберханасы мен түрлі қызметтер көрсететін шағын мекемелер бар. Сондай-ақ, «Атаулы әлеуметтік көмек» бойынша жыл басынан бері 860 отбасыға 112000 млн. теңге қаржылай көмек тағайындалған.

 

Түркістан әкімінің баспасөз қызметі

 

 

945 қаралым