Жарияланды: 09.09.2018

Аяқ киім фабрикасы жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр

Түркістан облысында аяқ киім өндірісі қолға алына бастады. «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағында ашылған фабрика осыған дәлел. Мұнда күніне 150 жұп аяқ киім шығарылады, деп хабарлайды 24.kz.  Жылына 100 мың дана тігу жоспарланған. Жоба құны – 403 миллион теңге. Әзірге өндіріс орны тауарларын Астана, Алматы, және Шымкенттегі сауда орындарына жеткізіп жатыр. Жергілікті 90 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын әзірге шикізатты Түркиядан сатып алуда. «Ендігі мақсат, әйелдер мен балаларға арналған аяқ-киімдер тігу ойда бар», – дейді кәсіпкер. Фабриканың жұмысымен танысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов нағыз былғарыдан жасалған аяқ киімдердің бірін сатып алды. Нұрсұлтан Балабиев, фабриканың бас директоры: «Қазір біз қысқы маусымға дайындықты бастап кеттік. Мақсатымыз  іші жылы, терісі сапалы аяқ киімдерді шығару. Сапалы өнім ұсыну үшін, шикізатты шетелден алудамыз. Ал біздегі терілер бренд қалыптастыра алмайды. Тауар шығаруды көбейтсек, Орталық Азия мен ТМД-ның нарығына шығамыз деген жоспар бар».

1 312 қаралым