Жарияланды: 10.09.2018

Жоғары сұрыпты мақтадан мол өнім

Түркістан облысына қарасты Жетісай және Мақтаарал аудандарын мақтаның отаны деуге болады. Жыл сайын мыңдаған тонна ақ алтын жинайтын аудандар биыл да өнімді өкірткелі отыр. Жетісай ауданында диқаншылықты ата кәсіп еткен Ералиевтер әулеті бүгінде мақтадан мол өнім алып, ауданда көш бастап тұр. Ералиевтердің шаруа қожалықтарына тиесілі 530 гектар  жердің 200 гектарына қауын-қарбыз, 40 гектарына жүзім мен алма, қалған 200 гектарына мақта еккен. Күзгі жиын терім уақытында тау тау болып үйілген өнім жинамақ. Мақтадан мол өнім алатындай тәжірибесі бар шаруашылық төрағасы оны өзгелермен де бөлісуде. Жыл сайын ұйымдастырылатын шаруа қожалықтарының көрме, семинарларында өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл кеңесін де аямайды. Бүгінде шаруашылық дефолиация яғни, жасанды қурату процесін бастап кетті. Бұл процестің қажеттігін мақта терімін бір мезетте аяқтап жіберу. Оншақты күннің ішінде Джон Дир комбайндарын алқапқа кіргізбек. Одесса қаласында әкесі зертханада  шығарған «Ералиевтің құрметіне» атты сұрыпты мақтаның гектарынан 30 центнер алып жүр.  Әке жолын қуған туған ұлі бүгінде «Аботя» шаруа өожалығының шаруасын шырқ үйіріп жүр.  

1 078 қаралым