Жарияланды: 11.09.2018

Түркістан облысында мақта терімі басталды

Түркістан облысы Жетісай ауданында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ауданда ақ алтынды қолмен теру жұмыстары Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Мақталы, Қарақай ауыл округтеріндегі шаруа қожалықтары бастап жіберді.

 Жалпы ағымдағы жылы ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген. Аудан шаруалары өткен жылы орташа есеппен мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім жинаса, биыл да осы көрсеткіштен төмен болмайды деп  болжам жасап отыр. Енді бірер күнде мақта алқаптарына комбайндар жұмысқа кіріспек. Әзірдің өзінде ауданда 70-ке жуық «ДжонДир» мақта теретін комбайндардың техникалық дайындықтары пысықталуда. Оның 65-і 4 жүйекті. Яғни, әрбір комбайн бір мезетте 4 жүйектегі ақ алтынды жинауға қауқарлы.

Айта кетерлігі, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жанар-жағармай талондары таратылып берілуде. Сондай-ақ, алқаптарда мақтаны химиялық әдіспен қурату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аудан көлемінде ақ алтын жинауға арналған қабылдау бекеттері іске қосылуда.   

                                                                                                                                                                               Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 076 қаралым