Жарияланды: 12.09.2018

Өңірдің өнеркәсіптік өнім көлемі…

Жауаптылар берген ақапаратқа сүйенсек, Түркістан облысындағы көрсеткіштің төмендеуіне Түркістан мен Шымкент қаласының бөлінуі әсер еткен, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Еске салсақ, Астанада өткен селекторлық мәжіліс кезінде Үкімет басшысы өткен 7 айда 11 өңірде өнім көлемінің кемігенін айтқан еді. Оның ішінде Түркістан облысы да бар болатын.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасы берген мәліметке мән берсек, Түркістан облысы кезінде аймақта 800-ден астам кәсіпорын болса, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бөлінгенде, оның 500-дейі Шымкент қаласына тиесілі болған. 300-дей кәсіпорын Түркістан облысының құрамында қалған. Оған өңірдегі өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын құрайтын уран өңдейтін кәсіпорындардың өнім көлемін 10 пайызға төмендетуін қосыңыз. Сонда Түркістан облысы биылғы жылдың 7 айында 250,7 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Айта кетейік, Үкіметтің селекторлық режимде өткен отырысында ел экономикасының 8 айлық қорытындысы бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті Үкімет басшысы сынға алған болатын. Жиында Бақытжан Сағынтаев еліміздің 11 өңірінде өндірістік өнім көлемінің төмендеп кеткенін айтқан еді.

Ғанибет Әубәкіров, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы «Төмендеуіне негізі — Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бөлінуінің әсері бар. Өнеркәсіпкәсіпорындарының 60 пайызы Шымкент қаласына тиесілі болып, 40 пайызы Түркістан облысында қалды. Уран бағасын тұрақтандыру мақсатында Энергетика министрлігіжыл сайын 10 пайызға төмендетіп отыр. 2017 жылы 18 мың тоннадан артық уран өндірілсе, 2018 жылы 16 мың тонна өндіру көзделіп отыр».

 

1 071 қаралым