Жарияланды: 12.09.2018

Түркістан облысындағы қауын-қарбыздың 40 пайызы экспортқа кетті

Биыл Түркістан облысының шаруалары 61,4 мың гектар жерге қауын мен қарбыз еккен. Осы алқаптан 1 мың 330 тонна өнім жинаған. Оның 771 мың тоннасы қауын болса, 558 мыңы – қарбыз. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 80 мың тоннаға артық. Ал өнім түсімі гектарына 220 центнерді құраған. «Бақша өнімдерінен түсетін табыс 5 есеге көп», – дейді диқаншылар. Түркістан облысының шаруалары осы жылдың 7 айында Ресей, Беларусь, Латвия, Германия сынды елдерге 225 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз экспорттапты. Байғали Көпеков, бағбан: – Биылғы өнім өткен жылдағыдан қарағанда жақсы. Өзімнің еккенім – 10 гектар қауын. Көбісі мұнда 50-60 гектарлап егеді. Тіпті 100 гектарға дейін. Осының арқасында күн көріп жатыр. Сапар Дәрібай, Арыс қаласы әкімінің орынбасары: – Бақшаның өзі 3,5 мың гектар жерге егілді. Соның 90 пайызы жиналуға жақын қалды. Бүгінгі таңда 80 мың тонна қауын артылды. Өткен жылғы өнімнің 70 пайызы экспортқа шығарылды. Биыл 100 пайыз шетелге жіберілді. Себебі бізде қауын көп егілген. Халық сыртқа сатып жатыр.

24.kz

1 155 қаралым