Жарияланды: 28.09.2018

Мақтааралда мал бордақылау алаңдарының саны 80-нен асты

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, мұнда малды көбейткеннен көрі бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы аудандағы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

 

Ең алдымен өңір басшысы «Исрайлов» шаруа қожалығына атбасын бұрып, 20-ға жуық бұқаны бордақылап жатқан Исрайлов Тәңірбергеннің жұмысымен танысты. Мұндағы мал бордақылау алаңы 50 бас малға арналған. «Ырыс» қаржы ұйымынан несие алу үшін құжаттар тапсырған Тәңірберген бордақыланатын мал санын көбейтпекші. Сондай-ақ, өндірген етті экспортқа дейін шығаруды көздеп отыр.

 

Қожалық басшысы жем-шөптің қымбаттылығын алға тартып қазіргі таңда Өскемен қаласында өндірілетін комбикормды пайдалануда екен. Құрамында 21 түрлі қоспасы бар мал өнімінің 1 тостағы 1 ірі қараны күні бойы тойдыра алады. Бидай, кебек, күнбағыс, антиоксидант, фермент, премикс сияқты т.б. қоспасы бар, тіпті балықтың майына дейін қосылған комбикормның бағасы шаруаға қолайлы болуда.

 

«Жеп-шөп пен комбикормға кететін шығындарды есептеп шықтым. Комбикормды пайдалану арқылы 2 есе қаржым үнемделді. Сондықтан, мал бордақылайтын барлық әріптестеріме жаңа технологияға көшуді ұсынамын» — деді Т.Исрайлов.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1 789 қаралым