Жарияланды: 07.10.2018

Ілкімді жобалар жүзеге асырылмақ

Бүгінде Түркістан облысындағы Төле би ауданында құрылыс индустриясы қыз қыз қайнап жатыр. Жүргізіліп жатқан құрылыстан бөлек, әзірленіп жатқан жоба-сметалық құжаттамалар тіптен көп. Құрылыс саласы бойынша мектептердің құрылысына 3 жоба, елді мекендерді абаттандыру 2 жоба, инженерлік-коммуникация саласы 6 жоба, мал дәрігерлік саласында 1 жоба, спорт кешенін салу бойынша 1 жоба әзірлену үстінде. Жоба аяқталған шақта ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының айшықты бір көрінісі болары анық. Ал білім саласында күрделі жөндеу құрылысына 9 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша көпір құрылысын жүргізуге 8 жоба, ауыз сумен қамтумасыз етуге 6 жоба, елді мекендердің электр желілерін жүргізіп трансформатор орнатуға 6 жоба, газдандыру бойынша 3 жоба, кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуге 1 жоба, ауылшаруашылық саласы бойынша су қоймаларын салу бойынша 2 жоба әзірлену үстінде. Барлығын қосқанда  54 жоба  әзірленуде. Мұның барлығы да ауданды жоғары көрсеткішке жетелейтін жобалар. Жүзеге асқан шақта ауданның дамуына, көркебіне қомақты үлес қосары анық.

 

1 017 қаралым