Жарияланды: 12.10.2018

Алтын алма, алғыс ал

Түркістан облысы, Сайрам ауданының қарттары қадірлі, жастары жалынды. Аудан аумағындағы бірқатар жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі қарттардың үйіне барып, үй шаруаларында атап айтақнда әктеу, сырлау, ауласын тазалау жұмыстарына жастар бірауыздан жұмылып, тұрмыстық көмектер берді. Есік алдын абаттандырып, арық атыздарды күл қоқыстан тазартты. Мұндай шаралар жастардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, қарттарды қадірлеуге үйретеді. Аталған шараға аудандық «Жастар ресуртық орталығы» ұйытқы болып, ерікті жастар игі істен тартынып қалмады. Ата-апаларымыз жақсылық жасаған жастарға алғыстарын айтып, баталарын берді. Өмірде шын мұқтаждың, ата-ананың, көпті көрген қарияның, шашын ақ басқан ардақты ананың шын ықыласымен алған алғысынан артық разылық жоқ. Қарттарға құрмет бір күндік шара емес. Ақылы-  теңіз дария қариялардың сөзіне құлақ асу, құрметтеу әр жасқа міндет. Сондықтан аудан, ауыл жастары жыл сайын осындай данагөй қарт ата, апаларымыздың үйіне барып, жәрдемдесіп, кеңесін алып тұруды әдетке айналдырған. 

1 181 қаралым