Жарияланды: 12.10.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлайды

Түлкібас ауданы орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Арман» сауықтыру орталығы бар. Орталықтың ашылуына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қаржылай қолдау көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 1,5 миллион теңгелік мемлекеттік грант ұйымдастырған болатын. Жобаға аудан тұрғыны, жеке кәсіпкер Сәриева Карима қатысып , ұтып алып, осы орталықты ашып, қамкөңіл жандардың ризашылығына бөленді. Аудан әкімдігі мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құжаттарын жедел әрі белсенді түрде рәсімдеп берді. Жаңа ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандар спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтуға үлкен септігі бар.  Мұндағы тренажерлік құрал-жабдықтар олардың қимыл-қозғалысын ширатуға мүмкіндік бермек. Аталмыш сауықтыру орталығы қолдау-көмекті ұтымды пайдалана отырып, кәсіпкерлеріміз белсенді жұмыс атқарса, осындай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын таба беретіні сөзсіз.   «Өзім 3 топтағы түгедекпін, сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың жан-дүниесін жақсы түсінемін, оларға барынша көмек қолымды созып, жәрдем етуді мақсат етіп алғанмын» дейді Карима апай. 

1 361 қаралым