Жарияланды: 13.10.2018

Құрылысқа тек отандық өнім қолданылады

 

Кентау қаласы Қарнақ ауылының балалары бұл күнде үш ауысымда тәлім алып жүр. Келер жылдан бастап бұл мәселе түбегейлі шешімін табады. «Ахын-тума» мектебінің оқушылары ескі білім ұясының жанынан жаңа мектептің ірге тасы қаланып жатқанына қуанышты. Ал, құрылыс жұмыстарының сапасын тапсырыс берушілер жіті назарға алған, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Асыр салып жүгірген ойын балалары мына ескі мектептің оқушылары. Білім нысаны тар болғандықтан дене шынықтыру пәні ашық аспан астында өтеді. Сабақты да тар бөлмелерде қысылып-қымтырылып оқып келеді. Бірақ бұл балалар көз алдарында бой тіктеп жатқан 300 орындық заманауи мектепті көріп бақытты болашаққа сенімді. Кентау қалалық құрылыс бөлімінің мамандары да білім ұясының сапалы болуын қадағалап келеді. 

ОРЫНБЕК ТЫНДЫБАЕВ – КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Мектептің құрылыс материалдары өзімізде жасалған өнімдер. Бағасы мен сапасы тиімді болғасын құрлысшылар отандық өнімді қолданып келеді. Нысанның басына арнайы барған «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мамандары мердігерлерге тағыда отандық өнімді насихаттап, өздерінің  ұсыныстарын жеткізді. 

МАДИХАН ТӘЖІБАЕВ – «АТАМЕКЕН» КП САРАПШЫСЫ 

Білім ұясының сметалық құны 853 млн теңге. Биыл мамыр айында ірге тасы қаланған мектепті 2019-шы жылдың қыркүйек айында тапсыру жоспарланған. Әзірге шаруалар кестеге сай атқарылуда. Қарнақтық балалар келер жылы заманауи, зәулім мектепте білім алатын болады.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                 

990 қаралым