Жарияланды: 13.10.2018

Ірі өндіріс орны көрме өткізуде

«Ұлы дала кілемдері». Түркістан облысындағы «Көрме» орталығында кілемдер жәрмеңкесі ашылды. Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы Елбасының бастамасымен құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылған. Халықты отандық өніммен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада кілемдерге 20, 30 пайыздық жеңілдіктер жасалды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Республикадағы ірі кілем зауыты тоқыма саласына қосар үлесі мол. Бүгінде фабрика айрықша ою-өрнектермен әрленген, отандық кілемнің 2000-нан астам түрлерін облыс тұрғындарына ұсынуда.

Талғат Исхахов – «Бал текстиль» кілем фабрикасының директоры

— Қазіргі таңда бізде 8 тоқыма қондырғысы жұмыс істейді. Біз өзімізге қажетті полипропилен жіптерін өзіміз шығарып жатырмыз. Бірінші кезеңде тек тоқыма қрндырғыларымен жұмыс жасасақ, екінші кезеңде біз кілем өнімдеріне қажетті жіптерді шығардық. 20%-ға өнім бағасын арзандаттық.

Жоғары сапа, қолжетімді баға. Үшінші мегаполисте үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан көрмеге келген жұрттық қарасы қалың. Жәрмеңкеде қонақтардың назарына 1 мыңнан астам кілемдер мен оның түрлері ұсынылуда. Шара аясында тұрғындар арзандатылған бағада кілем түрлерін сатып алуға асықты.

Мауя Мұсаева

— Қазақстанымызда отандық өнім шығарып жатқан балаларға рақмет. Бүгін кілем жәрмеңкесіне келдім. Керемет кілемдері бар екен. Көріп жатырмын. Алмақ ойым бар. Өте тамаша, бағасы да қолжетімді.

Өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы фабрика 2013 жылы алғашқы өнімін шығарды. Өндірісте 320-ға жуық адам жұмыспен қамтылды. Компания болашақта бүкіл әлемде кiлемдердiң және кiлем бұйымдарының көшбасшы өндiрушiсі болуды мақсат етуде.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА

1 081 қаралым