Жарияланды: 13.10.2018

Жұмыс нәтижелі, өсім бар…

Түркістан облысына қарасты Төле би ауданында облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысына 1 млрд 179,9 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 1 млрд 571,4 млн теңге болатын 5 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары дайын. Одан басқа, 2 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Жұмыспен қамту саласы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуларға барлығы 9 мамандық бойынша 195 азамат жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты аясында 32 азамат 131 млн. теңге шағын несие алса,Бағдарламаның үшінші бағытымен қамту бойынша 1283 адам тұрақты жұмысқа жолданып, оның ішінде бос жұмыс орындарына 1032 адам және жаңа жұмыс орындарына 270 адам орналасты.
Спорт саласы Ленгер қаласындағы орталық «Жастық» стадионын күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаттамаларын дайындауға жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар Жоғарғы Ақсу ауыл округіне қарасты Мәдени ауылынан талапқа сай спорттық-сауықтыру кешенін салу үшін жергілікті бюджеттен 2 млн теңге қаржы қаралып, ЖСҚ әзірленуде. Бұл жұмыстар 2019 жылға ауыспалы.
Тұрғын үйлерді іске қосу 2018 жылдың 8 айында 17 623 шаршы метрді құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 148,3 пайыз. Ленгер қаласындағы 5 қабатты 40 пәтерлі 1 тұрғын үйге және 5 қабатты 20 пәтерлі 1 тұрғын үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен 235,8 млн теңге қаржы қарастырылып, 20 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды.
Табиғи газ саласы, Ауыз су саласы, Кәріз жүйесі, Жол саласы, Абаттандыру, Мемлекеттік – жекеменшік әріптестіктер жайлыда баяндамада айтып өтті. 
Брифинг соңында аудан әкімі, журналистерді қызықтырған сауалдарына ықыласпен жауап берді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1 003 қаралым