Жарияланды: 14.10.2018

Алтын қор

Төле би ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 ц/га айналуда. Астықты толық орындағанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 ц/га айналуда. Астықты толық орынлғанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді деп жоспарлануда. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу, атап айтсақ жылыжай, тамшылатып суғару, жаңа бау және жүзімдік егуді қолға алына бастаған, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Жалпы алғанда 1953 ж. басталған тың және тыңайған жерлерді игеру барлық астық шаруашылығы дақылдарын, ең алдымен дәнді дақылдардың егістік көлемін күрт арттырды. 6 – 7 жыл (1954 – 1960) ішінде Қазақстанның егістік алқабы 25,5 млн. га-ға жетті, яғни 3,5 есе артты. Оның 17,0 млн. га-сы (66,6%-ы) солт. облыстардың (Қостанай, Ақмола, Көкшетау, Солт. Қазақстан және Павлодар) үлесіне тиді. 1960 – 90 ж. егістік аумағы 23 – 25 млн. га мөлшерінде сақталды. Бұл кезеңдегі астықтың жылдық орташа түсімі 18,6 млн. т болды. 1991 – 93 ж. егістік алқабы 22,5 млн. га-ға, 1995 ж. 18,8 млн. га-ға, ал 2005 ж. 14,8 млн. га-ға дейін төмендеді. Соған қарамастан Астық шаруашылығы Қазақстанның астық шаруашылығы өндірісінің негізі болып отыр. Астық шаруашылығы – мал шаруашылығын жедел дамытуға да ықпал жасайтын жем-азық көзі. 
2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстандағы бидай мен қарай бидай экспорты 1,1 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 98,4% өсіпті.

Тасылмалданған бидайдың жалпы сомасы – 167,3 млн доллар. Түсім 92,4% өсті.

Астық бәрінен көп Өзбекстанға жіберіледі. Аталған мемлекет Қазақстаннан 487 мың тонна бидайды 56,9 млн долларға сатып алды. Тәжікстан 19,1 млн долларға 127,9 мың тонна, Ауғанстан 16,5 млн долларға 99,1 мың тонна, Түркия 20,2 млн долларға 93,3 мың тонна астық сатып алды. Өз кезегінде Қытай мен Италия 75,4 мың тонна астық, 77,6 мың тонна бидай сатып алды. (12,8 млн долларға және 16,9 млн долларға).

Сондай-ақ, Қазақстан 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 86 млн долларға 452,3 мың тонна ұн жөнелтті. Өнім — 52,4%, табыс 42,9% өсті. Негізінен аталған өнімді Ауғанстан (56,3 млн долларға 289 мың тонна) және Өзбекстан (21,9 млн долларға 132 мың тонна) сатып алды.

Қазақстанның алтын қоры осы біздің алтын бидайымыз, алтын астығымыз.

Жандос Абумуталифұлы 
1 501 қаралым