Жарияланды: 13.10.2018

Ана мен бала денсаулығы қашанда басты назарда болмақ

Елбасы тапсырмасына сәйкес, ана мен бала денсаулығы қашанда басты назарда болмақ. Президент жүктеген міндет Түркістан облысында қарқынды жүзеге асуда. Қазіргі таңда, өңірде жаппай тұмауға қарсы екпе жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, қазан айында аймақ тұрғындарының 10%-ы вакцинация қабылдайды. Осы мақсатта денсаулық сақтау басқармасының  мамандары індетке қарсы дәрі – дәрмекті  Ресейден арнайы алдыртқан. Қазіргі таңда, көршілес мемлекетте өндірілген «Гриппол» екпесінің 201 мың данасын сатылып алынды. Басты мақсат – облыс тұрғындары, әсіресе, жас аналар мен балалар арасында індеттің алдын алу. Сондықтан, облыс тұрғындары эпидемиялық кезең басталмай тұрып екпе жасатуы керек. Ілкімді шара  1 қазаннан бастау алды.  Қараша айының ортасына дейін жалғасын табады деп жоспарлануда. Айта кетейік, кез -келген Қазақстан азаматы өзінің тіркелген емханасында осындай көмек алуына мүмкіндігі бар. Ақ халаттылар ауырып ем іздегенше, аурудың алдын алу  әлдеқайда тиімді екенін ескертеді.

1 026 қаралым