Жарияланды: 13.10.2018

Балаларға жақсы жағдай жасалған

Созақ халқы қос қуанышты қатар тойлауда. Биыл ауданның ірге қалағанына — 90 жыл толды. Мерейлі мереке қарсаңында аймақта   24 нысан ел игілігіне берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі арнайы келіп, су жаңа ғимараттардың тұсауын кесті. Бой көтерген нысанарды аралап, құрылыс сапасына жіті назар аударды.

Пайдалануға берілген ғимараттар әсіресе, балалардың жүзіне қуаныш үйірді. Себебі, салынған нысандардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдердің қажетіне жаратылмақ. Атап айтқанда, Құмкент ауылында спорт кешені еңсе тіктеді.  Енді балғындар, заманауи үлгіде бой көтерген нысанда дене шынықтырып, күрес, бокс, футбол және волейбол сынды спорт түрлерінен жаттығатын болады. Бұдан бөлек, Шолаққорған ауылындағы 50 орындық «Айжан» бөбекжай балабақшасы, «Жібек жолы» сауда кешені, Қарағұр ауылында «Жастар» саябағы, 2 спорт алаңы мен 1 балалар ойын алаңы ашылды.

 Сондай-ақ, «Street Workout» спорттық алаңының тұсауы кесілді., Таукент қаласында спорт алаңшасының, Жартытөбе елді мекенінде «Астана қаласына 20 жыл» саябағы, спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңы, 75 орындық «Асылжан» бөбекжай бабақшасы бой көтерді. Бұдан өзге, Шолаққорған, Жуантөбе, Жартытөбе, Сызған ауылы мен Қызылкөл елді мекенінің негізгі көшелері жарықтандырылды.

1 093 қаралым