Жарияланды: 13.10.2018

Дәстүрді жаңғырту ұрпақтар сабақтастығын жалғайды

«Бесік жырын айтпайтын келіннен, немереге ертегі айып бермейтін әжеден, бір-бірімен қазақша сөйлеуден жерінген адамдардан қорық». Алаш арысы Бауыржан Момышұлының осы сөзді айтуы тегін емес. Себебі, бесік жыры — ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Дәстүрді қайта жаңғырту ұрпақтар сабақтастығын жалғайды. Нәрестені мейірімге бөлеп, бесік жырымен өсірудің тамыры тереңде жатыр. Осы орайда қоғамдық пікір сқрауды жөн көрдік. Бесік жырын білетін жастардың қарасы қанша?

Айдын Молдадосова, студент:

  • Әлди –әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Негізі бесік жырын жатқа білемін. Ауылда өскендіктен бұл дәстүр маған жат емес. Мен әжемнің ертегілеріне, бесік жыры, батырлар жырына қанық өскем.

Гүлдәурен Өмірзақова, жас ана:

-Менің балам қазір бесіктен шығып кетті. Жақында үш жасқа толады. Біздің алғашқы баламыз, ата-апасының алғашқы немересі болғандықтан, балама ата-енем қарады. Бесікке бөлеп, өздерібесік жырын айтып ұйықтататын. Олар зейнет жасында. Менде бесік жырын жақсы білемін.

Айбек Төлегенов, колледж студенті:

-Менің інімді ұйықтатарда апам бесік жырын айтқанын естігенмін. Мен толық жатқа білмейді екенмін. Ер адам болғандықтан, қатты мән бермеппін. Негізі барлық қыз болашақ ана болғандықтан, жақсы білуі тиіс деп есептеймін.

Гүлмира Оңласбек, төрт баланың анасы:

-Бесік жыры баланың жақсы ұйықтауына, ақыл-ойының дамуына үлкен әсер етеді. Қазақ халқының баға жетпес рухани байлықтарының бірі. Сондықтан, өскелең ұрпақ арасында барынша насихаттау керек. Рухани жаңғыру тұсында мұның маңызы зор.

1 212 қаралым