Жарияланды: 14.10.2018

Іскер әйелдердің қатары артуда

Қазіргі таңда,  нәзік жандылар шағын және орта бизнесте көш бастап тұр. Бұған мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да өз септігін тигізіп отыр. Ағымдағы жылдан бастап әйелдерге кәсібін өркендетуге жылдық 5 пайызбен 10 млн теңге несие берілетін болды. Бұл бұрымдыларға кәсібін одан әрі дамытып, өркендетуінің кепілі болмақ. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету секторы, тамақтану, білім беру қызметтеріне тән жобаларға жеңілдіктің болмауы да қолбайлау болатын.Былтырдың өзінде 2981 әйел кәсібін одан әрі өркендету үшін көмек сұраған. Осыны ескерген «Атамекен іскер әйелдер кеңесі мен «Қазақстан Халық банкі»  АҚ бірлесе 1 млрд. теңге бөлу туралы уағдаласты. Бұдан бұлай, өңірде  37 жоба ұсынылса, оның 3 жобасы 26,4млн. теңгеге қаржыландырылды. Бұдан бөлек, 3 жобамақұлданып, тағы 37 млн. қаралуда.

Облыс халқының жартысына жуығы бұрымдылар Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің өңірдегі, яғни Түркістан облысындағы әйелдердің басшылық қызметтегі үлесі Алматыдан кейінгі екінші орында. Айта кетейік, іскер әйелдер кеңесі 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

 

993 қаралым