Жарияланды: 14.10.2018

Облысымызда 177 мың кәсіпкер әйел бар

Қазіргі таңда, әйелдер тек әдемілігі,нәзіктігі,мейірімділігімен ғана  ерекшеленбейді. Замана көшін алға жылжытып, техника дамыған кезеңде нәзік жандылар да өздерінің әдемі әлемін қалыптастыра білді. Зайырлы мемлекетімізде олардың әр басқан қадамына қолдау бар.Өз құқығымен мен міндетін білетіндер мүмкіндіктерді өз пайдасына жаратып отыр. 

Түркістан облысында әйелдердің жалпы саны – 1438,5 мыңды құрайды.  Ал, соның ішінде кәсіпкер азаматшалар — 177 мың-ға жеткен. Жыл сайын олардың қатары қарқынды артып отыр. Әрине, ұл мемлекеттік бағдарламаның шарапаты десек, артық айтқандық емес. Бизнестегі бикештердң білімін жетілдіріп, оны ары қарай шыңдап отыру да мемлекеттің назарынан тыс қалған емес. Осындай басқосулардың бірі  Шымкент қаласында өтті. Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева өңірдегі кәсіпкер әйелдермен кездесу өткізді. Онда кәсіпкер әйелдер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, бизнестің әдіс-тәсілдерін жақсарту жайында пікір алмасты. 

Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің құрылғанына үш жылға жуықтады. Қазіргі таңда, ұйымғажүз жиырма әйел мүшелік етеді. Мақсат – бизнес биігін бағындыруға ұмтылған бұрымдыларға бизнес жоспарын дайындап, қолдау көрсету. Ұйым құрылғалы облыста үш қауымдастық құрып үлгерген. Айта кетейік, іскер әйелдерді қолдау мақсатында биыл қазынадан қырық төрт млрд. теңге қаралған. 

1 021 қаралым