Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың 6 шақырылымындағы кезекті VI сессиясы болып өтті. Алдымен аудан әкімі Ж. Бейсенбаев аудандық мәслихат депуттатарының алдында биылғы бірінші жарты жылдықтағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін баяндады. 2018 жылы Жетісай ауданына 1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның ішінде «Кансуар инвест» ЖШС және «Тұңғатар» өндірістік кооперативі мақта теретін комбайндар мен басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын алып келген болса, «Ерте арго» серіктестігі 40 гектар жерге жүзім егіп, шаруашылығын дамытуда.
Жалпы биыл ауданға 417 274,6 мың теңгеге бюджеттік инвестициялар тартылған. Атап айтқанда, қазіргі таңда 208 981 мың теңгеге ұзындығы 18,1 шақырымды құрайтын 23 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ауданда мектептке баратын жалпы 33 357 мың теңгеге ұзындығы 2,7 шақырымды құрайтын 4 көше жөнделуде. Ал аудандық маңызы бар жалпы ұзындығы 4,58 шақырымды құрайтын 4 көшеге 174 252 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. «Бұдан бөлек, бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылатын жобалар аясында білім нысандарының құрылысына 2018 жылы облыстық бюджеттен 330,0 млн теңге қаралған. Республикалық бюджеттен 2019 жылға 570,4 млн теңге, 2020 жылға 2 млрд 861 млн теңге бөлу жоспарланған», — деді Жамантай Қанайұлы. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 10142 адамды кешенді жұмыспен қамту жоспарланса, соңғы 9 айда 8924 адам жұмыспен қамтылған. Яғни жоспар 88 пайызға орындалды.
Жетісай ауданы әкімнің баспсөз қызметі
Жарияланды: 15.10.2018