Жарияланды: 15.10.2018

«Қызды қырық үйден тыю» — қиыс қадам жасаудан құтқарады

«Қызды қырық үйден тыю, қала берсе, есіктегі құлдан тыю». Дана халқымыз айтып кеткен аталы сөздің астарында қаншама тәрбие мен өнеге жатыр десеңізші?! Ал, осынау мағыналы сөзді бүгінгі жастар қалай қабылдайды. Осы орайда, Арыс қаласы Жиелі ауылдық округінде мектеп жасындағы қыздар арасында семинар-трейнинг өтті. Жиындағы тақырып арқауы – суицид, ерте жүктілік, жалпы, жасөспірім қыздардың тәрбиесі мен мінез-құлқы. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  инспекторы, мектеп психологтары қатысып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Ата-бабамыз әуелден қыздың тәрбиесі мен мінезіне ерекше мән берген. Сeбебі, қыз – болашақ ана, отбасының ұйытқысы, жанұяның жылуы, бүкіл әлемнің жарық шуағы. Бүкіл ұлттың тәрбиесі нәзік жандылар қолында. Бұлай деуімізге толық негіз бар. Өйткені, ақын да, батыр да, дана да анадан туады. Бала бойына тіршілік нәрін тарататын жандар қашанда қоғамның басты назарында болуы заңдылық.

 

1 046 қаралым