Жарияланды: 15.10.2018

Жастар жадына ғаламтор жау ма?

Таяқтың екі ұшы болатыны секілді барлық нәрсенің пайдалы және зиян тұстары кездесіп жатады. Замана көшін алға жылжытып, техника дамыған тұста әлемді ғаламторсыз елестету мүмкін емес. «Айлық алыс жерлерден лезде хабар алғызған» әлеуметтік желі де интернет көмегімен жүзеге асады. Қазіргі қоғамда, адамдардың 75 пайызға жуығы ғаламтордың көмегіне жүгінеді.

Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін телефонға телміре, ғаламтордың шырмауынан шыға алмай отырады.Бұл қазіргі қоғамның індеті ме? Мұның алдын қалай алуға болады? Осы сұрақтар төңірегі Түркістан қаласындағы №12 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінде сөз болды. Шараға мұрындық болған — Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі.

Алқалы жиында бұдан бөлек, «Дін мен дәстүр сабақтастығы» әңгіме кезегіне айналды. Аталмыш кездесуге облыстық Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дінтанушы маманы Б.Өтеген және ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиынның басты мақсаты – қоғамға пайдалы, саналы ұрпақ қалыптастыру.

2 680 қаралым