Жарияланды: 16.10.2018

Құран баланың денсаулығы мен психологиясын жақсартады

Психология мамандары дұға мен қуатты сенiмнiң: ренiш, уайым мен қорқынышқа жол бермейтiндiгiн дәлелдеген. Бұл үшеуi де (ренiш, уайым мен қорқыныш) адамдардың, әсіресе жауапты өмірге жаңадан қадам басатын жастардың болашағына қажетті болып саналады.  Сондай-ақ, Құран баланың денсаулығы мен психологиясын жақсартадыЖастарға оң бағыт-бағдар беру мақсатында Отырар ауданында отырарлық имамдар кезекті алтыншы рет мешіттер сауат ашу курстары шәкірттер арасында құранды тажуидпен қатесіз жатқа оқудан сайыс өткізді. Кезекті сайыс орталық Арыстанбаба мешіт имамдары ұйымдастыруымен демеуші қайырымды азаматтар көмегімен әсерлі өтті . Аудан бас имамы Ә. Бекбауов шәкірттерге сәттілік тілеп, Қоғам ауылы мешіт молдасы М. Шыныбеков аға батасын берді. Арыстанбаба мешіт найб имамы зекет бөлім басшысы Мақсат қажы Мүсәлиұлы сайысқа қатысушылардын әрқайсысына ынталандыру сыйлығын берді. Демеушілік жасаған азаматтар шақыруымен сайысшылар Әлпеш ана дәмханасында қайырымдылық дастарханында болды, сол жерде екі топ жүлдегерлеріне сыйлықтар табысталды. 

 

1 111 қаралым