Жарияланды: 16.10.2018

Сарыағаш медресе-колледжіндегі жастармен кездесу өтті

Сарыағаш қаласындағы медресе-колледжіндегі жастармен арнайы кездесу өткізілді. Кезекті кездесуде наиб мүфти жастарға «Тәуелсіздіктің қадірі», «Тыныштық, бейбітшілік», «Ағымдар кесірі» тақырыптарында уағыз-насихат айтты. Одан соң медресе-колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, медресе ұстаздарымен, «Ұлдар» және «Қыздар» медресе шәкірттерімен пікірлесті. Мұнан соң Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі, Бостандық елді мекеніндегі «Новоабад» мешітінің жамағатымен және жастармен арнайы кездесіп, іс-сапардан соң Сарыағаш аудандық «Сәт» телеарнасында қонақта болып, арнайы сұхбат беріп, алдағы уақыттарда да мұндай сапарлар ұйымдастырылып тұратындығын айтып өтті. Кездесудің мақсаты — қазіргі кездегі сан-салалы діни ағымдарға жастардың бой алдырмауы, теріс жат қылықтарға әдеттенбеуі үшін дұрыс бағыт-бағдар беру, діни ілімдерін жетілдіру болып табылады. Кездесу кезінде жастарымыз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді. Әдетте, өмірден жол таба алмай, психологиялық күйзеліске түскенде, діни сауатсыздықтан адасушылықтарға ұрынғанда қалай тез жол тауып шығу жолдары ұсынылды.  

1 146 қаралым