Жарияланды: 15.06.2018

Картон өнімдеріне сұраныс жоғары

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында іске қосылғанына көп уақыт бола қоймаған жобалардың бірі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Бумпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш кәсіпорын картоннан қағаз жасау үшін рубероид, гипсокартон және цемент қап өндіреді. Өңірімізде баламасы жоқ жоба болып саналады. Әрі өндірген өнімдеріне де сұраныс жоғары. Шикізатты шеттен тасып сабылмайды. Мұндағы картон қағаздарына арнайы қағаз қалдықтарын пайдаланады. Оны кәсіпорынның көлігімен тасымалдайды. Әрі арзан. Ал өндірген өнімдерін Қырғызстан, Тәжікстанға экспорттауда. Жобаның жалпы құны 100 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 4 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған. Жалақыларын дер уақытында алып отыр. Цемент қаптарына да сұраныс жоғары. Өйткені өңірімізде цемент өндіретін өндіріс орындары баршылық. Кәсіпорындарға тек отандық өнімді пайдалану қажет деген талап та отандық өндірістің кең қанат жаюына септігін тигізуде.

Балауса Айымбетова

1 167 қаралым